KZ

Петербургте дәрігерлер алғаш рет шетелдік әріптестерінің көмегінсіз күрделі ота – өкпені екі жақты транспланттау отасын жүргізді. Хирургтар бригадасы тек ресейліктерден құралды. Петербург медицинасы үшін бұл үлкен жетістік, дейді мамандар.

Пациент Анна Преловаға донорлық ағзалар ақпан айында ауыстырып салынды. Бұдан бұрын сирек кездесетін ауруға шалдыққан әйел адам оттегі аппаратынсыз жүре алмаған. Транспланттау оның жалғыз мүмкіндігі болды.

Ота тоғыз сағатқа созылды, 25 дәрігер жұмыс істеді. Қан тамырларынан және бронхтан кезекпен оң және сол жақ өкпе ажыратылып, сау донорлық ағзаларға ауыстырылды. Отадан бар болғаны үш сағаттан кейін Анна өздігінен тыныс ала бастады.

«Түтіксіз, өз бетіңмен тыныс алатын, алаңдаусыз қимылдай алатын кезіңдегі сезімді түсіндіру ауыр», – деп бөлісті пациент.

«Бүл ауқымды жұмыс болды, мұндай отаға бірнеше жыл дайындалдық, себебі бұрын сәтті оталар болмаған», - деп атап өтті И.П.Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медициналық университетінің Хирургия және шұғыл медицина ҒЗИ торокалдық хирургия бөлімінің жетекшісі Андрей Акопов.

Мұндай отаға жыл сайын елдегі мыңдаған пациенттер мұқтаж. Олардың әрбіреуі өз донорын күтуде. Бұрын өкпені транспланттау тек астанада жүргізілетін. Дәрігерлердің қоңырауынан бастап отаның басталуына дейін тек бірнеше сағат бар, сондықтан көпшілігі Мәскеуге жақын жерге көшуге мәжбүр болды. Енді науқастарға Петербургте де көмек көрсетіле алады. 

https://www.1tv.ru/news/2018-10-10/353732-v_peterburge_vrachi_proveli_uspeshnuyu_dvustoronnyuyu_transplantatsiyu_legkih

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау