KZ

1967 жылдың 15 желтоқсанында Time апталық журналының кезекті саны шықты. Оның мұқабасына адамнан адамға алғаш рет жүректі ауыстырып салған, соңғы аптаның бас кейіпкері – дәрігер Кристиан Барнард орналастырылды. Ол екі рет, 1960 және 1963 ж. кеңес ғалыми Демиховтың зертханасына келген, оны өзінің ұстазы санаған.

Тауарлардың көтерме сатушысы 55-жасар Льюис Вашкански ОАР Кейптаун қаласының Грут Шур госпиталіне үдемелі жүрек жеткіліксіздігімен жеткізілді. Біреуі осыдан жеті, екіншісі – екі жыл бұрын болған екі инфаркттың себебінен пациент  жүрегінің бұлшық етіне стеноздалған коронарлық қан тамырлары арқылы қан дұрыс жүрмеген. Одан басқа, Льюис қант диабетімен ауырған, сол себепті үнемі инсулин қабылдаған. Кардиохирург Барнард Льюистің көп болса бірнеше апта өмір сүруін болжаған.

25-жасар Дэниз Дарвалл ата-анасымен бірге достарына бара жатқан. Кейптаундық Обсерватория ауданында оның әкесі Эдвард Дарвалл көлікті нан дүкенінің жанында тоқтатқан.  Оның әйелі мен қызы жолдан өтіп бара жатқан кездерінде оларды жоғары жылдамдықпен қозғалып келе жатқан көлік қаққан. Эдвардтың әйелі сол жерде қайтыс болып, ал қызы Дэнис өмір сүрумен үйлеспейтін бас жарақаттарымен Грут Шур госпиталіне жеткізілді. Жедел жәрдем бөліміне шақырылған дәрігер Барнард Дарвалл мырзаға оның қызының іс жүзінде қайтыс болғанын хабарлады. «Сізде басқа адамға жүрек сыйлаудың ерекше мүмкіндігі бар», - деп қостады ол. Эдвард Дарвалл «Қызым үшін мүмкіндік қалмаса, ол адамды құтқаруға тырысыңыз» сөздерімен келісімге қол қойды.

Дәрігер Барнард осы жайды Льюис Вашканскиге хабарлап, оның шешім қабылдау үшін екі күні бар екенін айтты. Льюис екі минут ішінде келісті. Ол: «Тоқтаусыз алға жүреміз», - деді. Ота төрт сағатқа созылды. Жүрек жұмыс істеген кезде, Кристиан: «Құдайым, ол соғып тұр!» деп айқай салды.

Бір сағат өткеннен кейін Вашкански есін жинап, сөйлеуге тырыса бастады. Мүмкін инфекциядан қорғау үшін, төрт күн ішінде оған ешкімге кіруге рұқсат етілмеді. Ол тез сауыға бастады. Отадан кейін 36 сағат өткенде ол алғаш рет тамақтанды.

Транспланттаттың қабылданбауын болдырмау үшін, Льюиске имуран және кортизон атаулы екі препарат, сонымен қатар, сәулелі терапия курсы тағайындалды. Төрт күннен кейін ол сәулелі терапияға арналған арнайы емханаға ауыстырылып, жолда барлық фотографтарға қол бұлғады.

Апта соңында оның лейкоциттері өсе бастады. Сәулелі жүктеме мөлшері транспланттатты қабылдамау үдерісін тоқтату үмітімен арттырылды. Жаңа жүрек жұмыс істеуін жалғастырып, іркілген жүрек жеткіліксіздігінің белгісі – ісіну кете бастады.

Жүректі сәтті транспланттау кәсіби және көпшілік алдындағы салада өзгерістер әкелді. Осыдан кейін жауапкершіліктен қорыққан хирургтар батыл қадамдар жасай бастады.

Льюис Вашкански жүректі транспланттаудан кейінгі 18-ші күні екі жақты пневмониядан қайтыс болды.

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау