KZ

2022 жылғы 1 маусымда Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық (бұдан әрі - ТЖТМҚҮРО) ТЖТМҚҮРО директорының 2022 жылғы 11 мамырдағы №22/20-н/қ бұйрығын орындау үшін донорлық стационар жағдайында өзекті донорларды анықтау тәжірибесі бойынша стационарлық және өңірлік транспланттаушы үйлестірушілер үшін онлайн форматта оқыту семинарын өткізді.

Онлайн семинардың спикері болып Павлодар облысының өңірлік транспланттаушы үйлестірушісі Д. Н. Потеребух сөз сөйледі. Семинарда келесі мәселелер талқыланды:

1. Клиникалық практикадан донорлық процесс;

2. Тірі кезіндегі донордан ағзаны (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, консервациялау және транспланттау тәртібі мен шарттары;

3. Қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, консервациялау, сақтау, тасымалдау және транспланттау тәртібі мен шарттары;

4. Қайтыс болғаннан кейінгі донор мен ықтимал реципиенттердің тіндік үйлесімділігі.

Онлайн семинарға Қазақстан Республикасы бойынша республикалық, өңірлік және стационарлық транспланттаушы үйлестірушілер қатысты.

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау