KZ

Сіз қайтыс болғаннан кейін де әрқайсымыз біреудің өмірін құтқара аламыз деп ойладыңыз ба? Бүгінгі таңда 2021 жылдың қорытындысы бойынша ағзаларды ауыстырып отырғызуды күтіп отырған 230 ақмолалықтың 69 өз донорын күтумен қайтыс болды; трансплантацияға мұқтаж пациенттер қалай өмір сүретіні және қажетті ағзаны неге сонша күтуге тура келетіні туралы; 716.kz тілшілерінің материалында.

Диализ орталығы пациенттерінің өмірін жеңіл деп айтуға болмайды. Олардың әрқайсысы аптасына 12 сағат, яғни төрт сағаттан үш күн гемодиализ аппаратында өткізуі керек.

Гемодиализ процедурасы қанды азотты шлактардан тазарту болып табылады. Яғни, бұл пациенттерде жоғалған бүйрек функциясын жасанды бүйрек аппараты орындайды. Бұл процедура созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға жасалады. Ол өмір бойы көрсетілген, - деп бөлісті Көпбейінді облыстық аурухананың (КОА) нефрология бөлімінің меңгерушісі, Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас нефрологы Сәуле Ілиясова.

Бүгінгі таңда аймақта 220-ға жуық пациент гемодиализ алады. Гемодиализ орталықтары КОА жанында, Көкшетау қаласының Теміржол ауруханасында, сондай-ақ Щучинск, Степногорск, Ақкөл және Атбасар қалаларында жұмыс істейді.

Бұл адамдардың барлығы донор бүйрегін алуға ықтимал реципиенттер. Олардың арасында ауыстырып қондыруға қарсы көрсетілімдері барлар бар, бірақ олардың басым бөлігі күту парағында тұр", - деп түсіндірді С. Ілиясова.

Оның бір бөлігі менің денемде өмірін жалғастыруда

Галинаға (есімі өзгертілген) ауыстырып қондырылған донорлық бүйрек оның өмірін "дейін" және "кейін" деп екіге бөлді. Бүгін көзіне жас алған әйел өзінің донорын күту парағында ұзақ жеті жыл бойы басынан өткерген қасіреттерін есіне алады.

Мұның бәрі менің қан қысымымның жоғарылауынан басталды, медициналық тексеруден өттім, ол бүйрек поликистозын көрсетті. Диализге бара бастадым. Бұл аптасына үш күн, 3-4 сағат. Өте қиын. Процедурадан кейін шамамен бір күн қалпыңа келесің. Дене үшін үлкен стресс болды: қан қысымым көтерілді, процедура психикаға әсер етті. Өмірім түбегейлі өзгерді: өйткені іштей гемодиализге байлаулы екеніңді, ешқайда бара алмайтыныңды түсінесің, - дейді емделуші.

Жеті жыл күту. Оның айтуынша, қоңырау соғылып, донорлық ағза бар деген хабар еститініне сенбейтін кездер болды. Бірақ мұндай қоңырау естілді. Бір күні, таңғы үште.

Әрине, менде үрейлендім. Тез арада жиналып, бес сағаттың ішінде Нұр-Сұлтанға жету керек болды. Содан кейін шұғыл талдауға қан тапсыру керек болды, бұл тағы екі сағат», - деп есіне алады Галина.

Бір бүйрекке үш үміткер болды. Олардың арасында жас жігіт болғандықтан, Галина бірден оған артықшылық беріледі деп ойлады. Алайда медициналық көрсеткіштер мен талдаулар бойынша бүйректі ақмолалыққа ауыстырып отырғызды.

Менің донорым кім болғанын маған айтқан жоқ. Олар бұл әйел екенін және инсульттан қайтыс болғанын айтты. Туыстары оның барлық ағзаларын трансплантациялауға келісім берді. Егер мұндай мүмкіндік болса, оған не айтар едім? Рақмет! Бүгін оның бір бөлігі менің денемде өмірін жалғастыруда. Егер адамдар өз ағзаларымен бөліссе, онда адам қайтыс болғаннан кейін де басқа адамда өмір сүруді жалғастырар еді. Қалай келді, солай кетті - көптеген адамдар осылай дейді. Бірақ мен адамдарға өз ағзаларыңды құрбан

етуден қорықпаңдар дегім келеді, өйткені өлімнен кейін де сіз басқа адамның өмірін сақтай аласыз», - деп қосты пациент.

Бүгінде Галина өзін жақсы сезінеді және пайда болған еркіндік сезімі туралы айтады, өйткені қазір ол гемодиализге байланбаған. Барлық донорлық ағзасы бар адам өмір бойы иммунитетін басатын иммуносупрессорларды ішуі керек. Себебі ауыстырып қондырылған ағза қандай болмасын, ол пациенттің денесі үшін бөтен, ал денесі оны қабылдамауы мүмкін.

Оның жүрегі әлі де соқсын!

Бір күні Көпбейінді облыстық ауруханаға Ақмола облысының тұрғыны болып табылмайтын орта жастағы ер адам келіп түсті. Белгілі болғандай, ол мұнда жарысқа келген. Мұнда, өкінішке орай, инсульт алып, реанимация бөліміне өте ауыр жағдайда түсті. Бас миының өлімі расталды. Мұндай пациенттер ықтимал донор ретінде қарастырылады және мұнда бәрі туыстарының келісіміне байланысты. Оның жалғыз туысы 80 жастағы анасы болды. Анасына телефон арқылы болған оқиға туралы хабарлағанда, ол өте дана сөздер айтты: менің ұлымның өз балалары жоқ, бірақ бүкіл өмірін басқаларға арнады. Оның жүрегі өмір сүріп, адамдарға көмектессін! Зейнеткер барлық қажетті құжаттарға қол қойды, осылайша қайтыс болған адам төрт науқастың өмірін сақтап қалды, оларға жүрек, бүйрек және бауыр берілді.

Бүгінде республика бойынша 3,5 мыңнан 5 мыңға дейін адам донорлыққа мұқтаж. Ақмола облысында 2021 жылдың қорытындысы бойынша 230 адам күту парағында тұрды, олардың ішінде, өкінішке орай, 69 адам, іс жүзінде 30% қайтыс болды. Олардың тек 11-іне ғана ағзалар ауыстырып салынды, - деп атап өтті Көпбейінді облыстық аурухана директорының орынбасары Дмитрий Чайков.

Ақмолалықтар туыстық донорлық туралы сөз айтқанда, салыстырмалы жиі түрде донор болады. Қазір бүйрегі ауыстырылған 33 пациент есепте тұр, 80% жағдайда туыстары донор болды.

Бірақ негізгі проблема - мәйіттік донорлықтың болмауы. Бүкіл практика кезеңінде өңірде осындай донорлықтың жеті жағдайы ғана болды, олардың екеуі КОА, біреуі Степногорск және төртеуі №2 КОА-ға келді.

Көп жағдайда туыстарының өздері бас тартады. ҚР ДСМ 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №360 бұйрығына сәйкес адам көзі тірісінде еркін білдіре алады және өз ағзаларының қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына жазбаша келісім бере алады. Бірақ адамдар бұл туралы аз біледі, сондықтан тілек білдірушілер аз, - деп түсіндірді Д. Чайков.

Ақмола облысы бойынша транспланттау жөніндегі өңірлік үйлестіруші Ләззат Әшімованың айтуынша, комиссия мидың өлімі диагнозын растаған адам қайтыс болғаннан кейін донор бола алады. Әдетте, бұл инсульт, инфаркт немесе апат салдарынан көптеген жарақат алған адам. Комиссия құрамына невропатолог, нейрохирург және анестезиолог кіреді. Егер адам донорлыққа жарамды болса, бұл туралы туыстарына хабарлайды. Ауру тарихынан үзінді көшірмені республикалық транспланттау орталығына жібереді, онда адамның донор болуға ерік білдіруінің бар-жоғы тексеріледі.

Қайтыс болғаннан кейін «келісім презумпциясы» деген ұғым бар. Егер адам тірі кезінде донор боламын деп айтпаса, ағзаларды туыстарының рұқсатымен алуға болады. Бірақ бұл өте күрделі мәселе, және, әдетте, бұл қадамға жақындарының келісімінсіз бармайды, - деп қосты С. Ілиясова.

Соңында кезінде жол апатынан қаза тапқан үнді баланың жүрегі ауыстырып қондырылған Көкшетаулық қыз туралы атышулы оқиғаны еске салғым келеді. Қыздың отбасымен кездескен жігіттің туыстары оны туған ретінде қабылдады. Олар, баласының өмірін осылайша ұзарта алғанына қуанышты және кездескен сайын олардың жүрегі басқа адамның кеудесінде қалай соғып тұрғанын тыңдайды.

Әрине, біреуге жақын адамның ағзасын беру туралы шешім қабылдау үшін Сіз өте күшті, дана және батыл болуыңыз керек, қорқыныш пен діни алауыздықты жеңуіңіз керек. Бірақ қайтыс болғаннан кейін Сіз немесе Сіздің жақыныңыз біреудің өмірін құтқара алсаңыз ше? Бұл екінші өмірге мүмкіндікпен тең.

Оксана Матасова,

Видео Рамиль Дусумов.

Дереккөз: https://716.kz/news/16202-transplantacija-shans-na-vtoruyu-zhizn.html

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау