KZ

 

Құрметті әріптестер! 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, трансплантациялық үйлестіру қызметін дамытуға қосқан адал еңбегі, жеке үлесі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы №769 бұйрығымен әріптестеріміз, транспланттаушы үйлестірушілер ведомстволық наградалармен марапатталды:

Сергей Борисович Белых – Шығыс Қазақстан облысының өңірлік транспланттаушы үйлестірушісі, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» кеуде белгісі;

Дмитрий Николаевич Потеребух – Павлодар облысының өңірлік транспланттаушы үйлестірушісі, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» кеуде белгісі;

Индира Алтайқызы Семенова – Батыс Қазақстан облысының өңірлік транспланттаушы үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы;

Әлия Әсілбекқызы Иманова – Нұр-Сұлтан қ. стационарлық транспланттаушы үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаты.

Құрметті әріптестер! Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, баршаңызды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығымен құттықтауға, баршаңызға денсаулық, амандық және Қазақстанның өркендеуі жолындағы еңбекте табыс тілеуге рұқсат етіңіздер.

 

Әділ Жұмағалиев

ТЖТМҚҮРО директоры

 

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау