KZ

2021 жылғы 19-20 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Нефрологияның жаһандық сипаты: басым бағыттар және стратегиялық тәсілдер» республикалық қоғамдық бірлестігінің V ұлттық конгресі өтті.

Аталған Конгресс шеңберінде ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры Әділ Жұмағалиев Қазақстан Республикасындағы трансплантациялық үйлестіру қызметі мен ағзалық донорлық жүйесінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы баяндама жасады.

Конгрестің мақсаты - ғылыми-білім беру платформасы және нефрология саласындағы озық халықаралық технологиялар трансфері.

Конгреске қатысушылар халықаралық деңгейдегі жоғары кәсіби спикерлермен және модераторлармен өзара іс-қимыл мен коммуникацияның бірегей мүмкіндігіне ие болды.

Конгрестің негізгі тақырыптары:

- Клиникалық неврологиядағы таңдаулы мәселелер

- Нефрологиядағы басымдық саясаты

- Созылмалы бүйрек ауруының алдын алуға пәнаралық тәсіл

- Созылмалы бүйрек ауруының негізгі қауіп факторларын: артериялық гипертензия, қант диабеті, семіздікті түзетудің популяциялық тәсілдері

- Бүйректі алмастыратын терапия: ұтымды тәсіл және экономикалық тиімділік

- Нефрологиядағы фармакоэкономика мәселелері

- Нефрология және диализдегі мейіргер ісі

- Нефрологиядағы COVID-19 мәселелері.

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау