KZ

Жүйені құрудағы проблемалармен қатар, соңғы 5 жылда ағзаларды ауыстырып қондыруға кезекте жыл сайын орта есеппен алғанда шамамен 2900 қазақстандық тұр.

Бұл ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың деректері. Мәселен, осы жылдың қазан айындағы деректері бойынша 3342 қазақстандық ағзаларды ауыстырып салуды қажет етеді. Көпшілігі бүйрек трансплантациясына мұқтаж пациенттер.

Сонымен қатар, соңғы 2 жылда Қазақстанда транспланттау үшін ағзаларды қайтыс болғаннан кейін алып қоюдың бар болғаны 5 фактісі тіркелді. Статистика неліктен мұндай төмен және қазақстандықтардың қайтыс болғаннан кейін өз ағзаларын беруге қаламауы немен байланысты? Еліміздің трансплантологиялық қызметінде қандай проблемалар бар? Осы мәселелерді қазір қонақтармен талқылаймыз. Бүгінде біздің студиямызға "Өмір тынысы" трансплантацияланған науқастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жәнібек Оспанов және Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының трансплантацияны үйлестіру бөлімінің үйлестірушісі Сәуле Шайсұлтанова келді. Сондай-ақ, "Скайп" арқылы Шымкент қаласының № 1 қалалық клиникалық ауруханасының гепатопанкреатобилиарлық хирургия және бауыр мен бүйректі транспланттау бөлімшесінің 1-санатты хирург-трансплантологы Рақымжан Үмбетжанов қосылады.

Жәнібек Оспанов – "Өмір тынысы" трансплантацияланған науқастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Сәуле Шайсұлтанова – Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының трансплантацияны үйлестіру бөлімінің үйлестірушісі.

Рақымжан Үмбетжанов – Шымкент қаласының № 1 қалалық клиникалық ауруханасының хирург-трансплантологы.

Дереккөз https://inbusiness.kz/ru/last/skolko-kazahstancev-nuzhdayutsya-v-peresadke-organov 

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау