KZ

Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық әдісі - көптеген пікірталастар мен келіспеушіліктерді тудыратын тақырып. 2020 жылы ҚР әрбір азаматының электрондық үкімет порталына кіріп, қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімін немесе одан бас тартуын рәсімдеуге мүмкіндігі пайда болды. Мұны өз емханаңызда да жасауға болады. Бұл тақырып әртүрлі себептермен алаңдаушылық тудырды. Алайда, бүгінде ағзаларды ауыстырып қондырумен айналысатын медицина қызметкерлері қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың пайдасына шешім қабылдауға насихаттауда. Оған көптеген себептер бар.  

Салтанат Сариева Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының гемодиализ және трансплантология бойынша штаттан тыс бас маманы болып табылады. Оның айтуынша, ағзаларды ауыстырып қондыруға мұқтаж пациенттер саны жыл сайын артып келеді.  

«Бүгінгі таңда бізде мәйіттік донациялау іс жүзінде жоқ. Бұл созылмалы гемодиализде өмір бойы жүрген пациенттер үшін өте ауыр мәселе. Олардың барлығы бірінші топтағы мүгедектер, және, өкінішке орай, аппараттарға байланған. Республика бойынша осындай мұқтаж адамдар саны үш жарым мыңға жуық. Оларға бүйрек, өкпе және жүрек қажет. Қарағанды облысында 641 науқас бар, олардың арасында балалар бар. Әр пациенттің өз тарихы, жолы бар. Әрқайсысы - әке, ана немесе біреудің баласы. Бүкіл әлемде, тіпті Иран мен Түркия сияқты ислам елдерінде, қайтыс болғаннан кейінгі донорлық барлық жерде насихатталып, жұмыс істейді. Себебі біздің тамақтану, өмір салтымызды ескере отырып, туыстық донорлық әрқашан қолайлы бола бермейді. Егер бүйрек берген науқас жалғыз бүйрекпен, онда оның өмір бойы сау болатынына кепілдік жоқ», - дейді маман.

Фотосуретте Салтанат Сариева  

Маман мәйіттік донацияс - бұл бәріне қолайлы жалғыз жол екенін айтады. Қайтыс болған адам біреудің өмірін құтқара алады. Оның бір бөлігі тағы біраз уақыт өмір сүреді. Салтанат Сабырованың өзі 2018 жылы қайтыс болғаннан кейін өз ағзаларын ерікті түрде беру туралы құжатқа қол қойды.

- Бүгінгі таңда тірі кезінде ерік білдіру туралы бұйрық бар. Яғни, кез-келген азамат қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім бере алады немесе бас тарта алады және сіз әрқашан өз шешіміңізді өзгерте аласыз. Егер кенеттен қандай да бір жазатайым оқиға орын алса, онда бұл азамат басқа адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Әрине, мұндай жағдайларға бәрі бірдей тап бола бермейді, бірақ олардан ешкім қорғалған емес. Донорлық көмек әрқайсымызға қажет болуы мүмкін, - дейді Салтанат Сариева.

Спикердің айтуынша, медицина үшін осындай проблемалардың бірі – ағзаларды ерлі-зайыптылар арасында берудің заңды мүмкіндігінің болмауы. Бұл ретте, Салтанат Сабырқызы, отбасында донорлыққа қажеттілік туындаған кезде, әдетте, бірінші болып әрқашан ері немесе зайыбы шақырылады, деп атап өтті.

- Бүгінгі күні ҚР заңдары бойынша донорлық генетикалық байланыс бойынша ғана мүмкін, яғни анадан балаға және т.б. Алайда, бұл мәселеде ерлі-зайыптылық байланысқа рұқсат жоқ. Мысалы, әйелі бүйрегін күйеуіне бергісі келеді, олар 30 жыл бірге тұрады, бірақ ол мұны істей алмайды, заң бұған жол бермейді. Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық Қазақстанда кең таралмаған. Бүгінгі таңда Қарағанды облысында қайтыс болғаннан кейінгі донорлық әдісімен ауыстырып қондыру жағдайлары тіркелген жоқ. Біз негізінен генетикалық байланысты қолданамыз. Біреуі діни сенімдеріне, басқалары жеке амбицияларына сілтеме жасайды. Әрине, әркім өзі шешуі керек, бірақ қорытынды жасамас бұрын, мәселені зерттеуді ұсынамын. Бұл ақпарат туралы оқып, тірі мысалдармен сөйлесіңіз. Содан кейін ғана бас тартыңыз, - деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының гемодиализ және трансплантология бойынша штаттан тыс бас маманы Салтанат Сариева.

 

Дереккөз http://ekaraganda.kz/?mod=news_read&id=109987 

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау