KZ

2021 жылғы 2 қыркүйекте Нұрұлтан қаласында қайтыс болғаннан кейінгі донордан мультиағзалық алу өтті. Бұл 2021 жылдағы екінші жағдай ғана.

Коронавирустық инфекциямен байланысты ағымдағы жағдайға қарамастан, транспланттаушы үйлестірушілер Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде ықтимал донорларды анықтау бойынша тұрақты белсенді жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында қайтыс болған ықтимал донорлардың туыстарымен әңгімелесу жағдайларының 42,5% - ында транспланттаушы үйлестірушілер Ағзалардың ықтимал реципиенттерінің тіркеліміндегі (ағзаларды күту парағындағы) адамдарды құтқару үшін транспланттау мақсатында ағзаларды алудың маңыздылығы туралы олардың тарапынан түсінік тапты. Өкінішке орай, осы жағдайлардың көпшілігінде қосымша зерттап-қараудан кейін қайтыс болғаннан кейінгі донорлардың ағзалары трансплантаттауға жарамсыз болып шықты (инфекциялар, жарақаттар және т. б.).

Бұл фактілер мен коронавирустық инфекция жөніндегі шектеу шаралары трансплантациялар санына теріс әсер етті. 2021 жылдың басынан бастап 7 айдың ішінде донорлық ағзалардың жетіспеушілігінен қайтыс болу себебінен күту парағы 192 адамға азайды.

Ағзаларды алып қою нәтижесінде 2021 жылғы 2 қыркүйекте транспланттау орталықтарына Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің күту парағындағы азаматтары үшін ауыстырып қондыру мақсатында 6 донорлық ағза: Нұр-Сұлтан қаласының транспланттау орталықтарына бала мен ересектерге 2 бүйрек, ересек пациенттерге жүрек пен өкпе және Алматы қаласының транспланттау орталығына - ересек пациентке ауыстырып қондыру үшін бауыр берілді.

Күту парағындағы пациенттерге транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейінгі донордың жақын туыстарынан оның ағзаларын алып қоюға келісім беруі жоғары гуманизм мен азаматтықтың актісі болып табылады, бұл әрқайсымызға қайтыс болғаннан кейін ағзалар донорлығына көзқарасымызды және дүниетанымымызды қайта қарауға мүмкіндік береді.

Біз қайтыс болғаннан кейінгі донордың туыстарына олардың өмірлерінің қиын кезеңінде қабылдаған, күту парағындағы отандастарымызға және олардың отбасыларына жаңа өмір сыйлауға көмектесетін шешімі үшін алғыс білдіреміз.

2021 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша республикада 3407 адам донорлық ағзаларды ауыстырып қондыруға мұқтаж, оның ішінде 104 бала бар.

Қазақстан азаматтарына трансплантаттау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен тегін орындалады.

 

Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық

қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау