KZ

Кодекстің 209-бабы 8-тармағына сәйкес ағзалардың қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына құқық білдірген азаматтардың тіркелімінде (бұдан әрі – Тіркелім) Қазақстан Республикасы азаматының қайтыс болғаннан кейін оның ағзаларын трансплантаттау мақсатында алуға келісімі немесе одан бас тартуы туралы ерік білдіруін тіркеу медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға (МСАК ұйымы немесе емхана, бекіту орны бойынша) тікелей жүгінген кезде немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталында жүргізілуі мүмкін.

МСАК ұйымында бірінші басшының бұйрығымен қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа құқық білдірген азаматтардың өтініштерін қабылдау және тіркеу үшін жауапты тұлға белгіленген, өтініштер Тіркелімге енгізіледі.

Солайша, қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа ерік білдіруін тіркеу үшін, Қазақстан Республикасының азаматына бекітілген орны бойынша емханаға жүгіну қажет, мұнда жауапты тұлға жеке басын куәландыратын құжаттарды және бекіту мәртебесін тексереді, содан кейін өтініштің сәйкес нысанын (бас тарту немесе келісім) береді. Толтырылған нысан Тіркелімге енгізіледі, ал өтінішкерге бір жұмыс күнінің ішінде МСАК ұйымының бірінші басшысы қол қойған және мөрі басылған ерік білдіруді тіркеу туралы анықтама беріледі.

Қазіргі уақытта қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа ерік білдіруді үйден шықпай, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы тіркеуге болады. Ол үшін өтінішкер порталда авторизациядан өтуі және өтінімге ЭЦҚ қою қажет, бірнеше минуттан кейін мәртебе жаңартылады және екі тілдегі ерік білдіруді тіркеу туралы анықтама қолжетімді болады.  

Бұл ретте өтінішкердің ерік білдіруін өзгертуінің саны шектелмеген.

Дербес деректерді қорғау Кодекске және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 29-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау