Қарағанды облысында 300-ден астам науқас бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққан. Бүгінде олар гемодиалез аппаратымен жандарын сақтауда. Аптасына 3 рет 4 сағат бойы диалез орталығында қажетті ем-домдарын қабылдайды.

Яна Недарезова 26 жаста. Гемодиалез аппаратына 1 жарым жылдан бері тәуелді. Мұндай ауруға тап болуымның бірден бір себебі созылмалы бүйрек ауруы мен қант диабеті салдарынан болды, - дейді. Қазір аптасына осы диалез орталығына келіп қажетті ем шараларын қабылдайды. Науқастың айтуынша, қаладан ұзап ешқайда бара алмайды. Сондықтан алдағы уақытта сәйкес донордың табылатынына сенеді.

Яна НЕДАРЕЗОВА,  емделуші:

- Мұндай аппаратқа таңылу оңай емес. Мен донорға келісемін. Бұлай ауырмай тұрып та донор мәселесіне еш қарсылық білдірмегенмін. Алдағы уақытта донор болып жатса, мен қабылдаймын.Мемлекетіміз бұл мәселені шешеді деген ойдамын.

Мамандар Қазақстанда донор жетіспеушілігі мәселесі шешілмей отырғандығын айтуда. Мыалы, былтырғы жылы облыс бойынша, бар болғаны 5 донор ғана салынған. Жоғары санатты нефролог-дәрігер Салтанат Сәриеваның айтуынша, гемодиализдік емдеудегі науқастар санын тек бір ғана тәсілмен – мәйіттік донацияны дамыту арқылы қысқартуға болады екен. Айта кету керек, Қарағанды облысында мәйітті донациялаудың бірде-бір жағдайы болмаған. Көбіне мәйітті қайтыс болғандардың жақындары алуға келісім бермейді екен. Ал дәрігер мұндай тәсілдің еш сөкеттігі жоқ екенін айтады. Оның үстіне мұндай тәжірибе әлемдік медицинада бар екендігін жеткізді.

Салтанат СӘРИЕВА, нефролог-дәрігер:

- Мәйітті донациялаудың еш айыбы жоқ. Ешбір мұсылман елдерінде, тіпті дінде ондай қарсылық жоқ. Мысалы, Иран, Ирак елдерінде бұрынан қолданылады. Тек біздің санамыз әлі дайын емес. 2020 жылдың желтоқсан айында денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен мәйітті донациялау туралы арнайы заң қабылданды. Қазір әрбір адам өзінің тұрғылықты жеріндегі емханаға барып, мәйіт донациясына қарсымын немесе қарсы емеспін деп, электронды келісімін қалдыра алады.

Бүгінде  Қарағанды облысы бойынша трансплантацияға 320 адам мұқтаж. Оның 311-і бүйрек , 6 жүрек, 3-і бауыр жетіспеушілігіне шалдыққандар. Ал Қазақстан бойынша 3400 адам трансплантацияны қажет етеді екен.

 

Дереккөз https://kartv.kz/kz/news/society/aimagymyzda-320-naukaska-donor-kazhet# 

Information for donors