Донор күні – бұл донорларды еске алу және құрметтеу күні ғана емес, сонымен қатар ағза донорлығының маңыздылығын көрсету және осы тақырыпты қалың жұртшылық арасында кеңінен насихаттау мүмкіндігі. Жыл сайын бұл күні ағза донорлығы және бұл мәселенің денсаулық пен адам өмірін сақтау үшін маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар өткізілуде.9 қазанда Еуропалық донор күніне арналған «Қазақстан Республикасындағы ағзалық донорлықтың жай-күйі туралы» республикалық конференциясы өтті.
Конференцияны «Қазақстан Республикасындағы ағзалық донорлықтың перспективалары» атты баяндамамен ҚР ДСМ «ТҮРО» директоры Ситказинов Айдар Кенжетайұлы ашты. Коимбра университеті ауруханасының бөлімінің кеңесшісі, (Португалия) доктор Эдуардо Соуза «Ықтимал донорларды анықтау» атты тақырыпта баяндама жасаса, Барселонадағы DTI қорының донорлық жөніндегі маманы, (Испания) доктор Брайан Альварес «Мидың өлімін растау» атты тақырыпты ашып айтты. Барселона госпитальдік клиникасындағы транспланттаушы үйлестіруші Доктор Дэвид Паредес - «Отбасылармен жұмысты ұйымдастыру» атты баяндама жасады, Үйлестіру орталығының заңгері – Матыбаева Айгерім Қазыбекқызы - «Ағзалық донорлық және трансплантация саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері» туралы атап өтті.Белорусиядан арнайы конференцияға келген, «Хирургия, трансплантология және гематология МҒПО» ММ «Трансплантаттаудың бірыңғай тіркелімі» бөлімінің меңгерушісі, Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантология жөніндегі штаттан тыс бас маманы Лещук Сергей Петрович «Беларусь Республикасындағы ағзалық донорлық: жай-күйі және даму перспективалары» туралы айтып берсе, «Хирургия, трансплантология және гематология МҒПО» ММ үйлестіру бөлімшесінің меңгерушісі Хмара Владимир Викторович «Беларусь Республикасындағы келісім презумпциясының құқықтық негіздері және практикалық іске асырылуы» туралы айтты.Ағзаларды трансплантаттау секторының басшысы - Асықбаев Мэлс Нұрсейітұлы: «Мультиағзалық алудың хирургиялық кезеңі» туралы тақырыпты ашып, баяндама жасады, сондай-ақ тіндерді иммунологиялық типтеу зертханасының басшысы Тұрғанбекова Аида Асқарқызы, «ТҮРО» донорлық ағзаларды транспланттау және аллокациялау жөніндегі үйлестіру бөлімінің басшысы Иманбаев Қайрат Мұсаұлы мәйіттік донорлықтың жай-күйі туралы баяндамалар жасады. Конференцияға өңірлік үйлестірішілер де 2 күндік тәжірибе алып, Белоруссиядан келген трансплаттаушы үйлестіруші мамандарының барлық қыр-сырымен алмасып, практикалық іске асыру туралы тақырыптар кеңінен талқыланды. Республикалық трансплаттауды үйлестіру орталығы Конференцияға келген барлық қонақтарына арнайы дайындалған «Алғыс хат», «Грамота», «Сертификаттар» табыстады. Сонымен қатар, Донор күніне арнайы дайындалған «Асыл қадам» атты символы ретінде төсбелгісі дайындалып, келген қонақтарға ұсынылды. «Асыл қадам» – сауапты іс, адам өмірден өтсе де, өмірдің жалғасы бар екенін білдіреді. 4103 адам күту парақшасында үмітін үзбей, донор күтуде. Әрбір Қазақстан Республикасының азаматының шешімі басқалардың өмірін өзгертетін әрі маңызды қадам екені анық. Қанша жыл бойы диализге түсіп, донор күткен адамдардың өмірінің жалғасуының себепкері бола алатынымызды ескерсек екен. Сол үшін де «Асыл қадам» - тек Сіздің ғана маңызды шешіміңіз!