2021 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 9 айдың қорытындысына арналған Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті.
Алқа отырысы барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры Әділ Жұмағалиев ZOOM платформасы арқылы Донорлықты дамыту және Қазақстан Республикасының халқына трансплантациялық көмек көрсету жағдайы туралы баяндама жасады. Ағзалар мен тіндерді трансплантаттау медицинада кеңінен қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 6 транспланттау орталығы жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 121 адам ағзаларды трансплантаттауға мұқтаж. Бүйрек трансплантациясын 112 азамат күтуде, оның ішінде 10 бала. Бауырды ауыстырып қондыруға күту парағында 6 адам, жүрекке — 3 адам мұқтаж.
Кеңес соңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы емдеу-профилактикалық ұйымдардың басшыларына ықтимал донорларды анықтау бойынша жұмысты жандандыруды және дәрігер мамандарды (невропатологтарды, реаниматологтарды, нейрохирургтарды) даярлауды қамтамасыз етуді, қоғамдық санада ағзалардың донорлығына тілектестік қатынасты қалыптастыруға және ағзалардың донорлығын дамытуды насихаттауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуді, ағзалардың ықтимал донорларының тіркеліміне (күту парағына) енгізу үшін ағзаларды трансплантаттауға мұқтаж пациенттердің қажетті құжаттарын заңнамада белгіленген тәртіппен өңірлік транспланттаушы үйлестірушіге уақтылы жіберуді қамтамасыз етуді тапсырды.