1. Анамнез, өлім себебі, ілеспе патология
  2. Жасы* (*ағзалардың күйіне байланысты)
  3. Қан тобы, Rh-фактор
  4. RW, ВИЧ, HBs, HCV  талдауларының нәтижелері
  5. ӨЖЖ ұзақтылығы
  6. Қолдаушы терапия (АҚ, ЖСЖ, SatO2 ОТС, сағаттық диурез, қолданылатын вазопрессорлар және олардың мөлшері мкг/кг/мин).
  7. ҚСК, қан электролиттері мен газдарының деңгейі
  8. Қанның биохимиялық және клиникалық талдау нәтижелері
  9. Кеуде қуысы ағзаларының Rg-графиясының мәліметтері
  10. Энцефалография
  11. Жүрек-өкпе реанимациясы оқиғалары:

а) гипотония оқиғасының ұзақтылығы

б) асистолия, жүрекке тікелей емес массаж жасау (уақыты)

  1. Ішкі ағзаларды ультрадыбыстық зерттеу және ЭХО КГ мәліметтері
  2. ЭКГ мәліметтері
  3. Донорлық ота кезінде ағзаны көзбен шолып бағалау мәліметтері
  4. Донорлық ота кезеңінде шұғыл гистологиялық зерттеу

 

Іріктеу үйлесімділікті есепке алумен іске асырылады. Критерийлер рецепиенттің күй-жағдайына қарай кеңеюі мүмкін.

Клиникалық диагноз күдік тудырмауы тиіс. Бас миының өлімінің диагнозы «Биологиялық өлімді констатациялау және пациенттің өмірін жасанды қолдау жөніндегі шараларды қолдануды тоқтату тәртібі туралы нұсқаулыққа» қатаң сәйкестікте қойылады.

Медициналық қарсы көрсетілімдер жоқ. Пациенттің көзі тірісіндегі еркі және оның туысқандарының еркі есепке алынатыны сөзсіз.

Донорларға арналған ақпарат