Бас миының өлімін диагностикалаудың негізгі қағидалары
«Бас миының өлімі» диагнозын қою транспланттау қызметіне байланысты емес, жеке-дара және тәуелсіз диагностикалық шара болып табылады.
Қарқынды терапия дәрігерлері тек пациент өлімін растау үшін жауап береді және әлеуетті донордың болуы жайлы міндетті түрде транспланттау үйлестірушілерін ақпараттандыруға тиіс.
Бас миының өлімін растаудың негізгі критерийлері
- Толық және тұрақты естен тану.
- Өз бетімен тыныс алудың тұрақты болмауы.
- Өз бетімен қимылдаудың болмауы.
- Кең, кеңдігі орташа, ареактивті қарашықтар.
- Корнеалды рефлекстің болмауы
- Окулоцефалиялы рефлекстің болмауы.
- Окуловестибулярлы рефлекстің болмауы.
- Үш тармақты жүйке аумағында ауырту арқылы қоздыруға реакцияның жоқтығы.
Қосымша критерийлер – ми тамырларының ЭЭГ, ангиографиясы немесе Doppler-графиясы (Бас миының өлімін растауды жылдамдатуға мүмкіндік береді, келесі жағдайларда қолданылады: бағаналық рефлекстерді тексерумен проблемалардың (дабыл жарғағының жарылуы немесе омыртқаның мойын бөлігінің сынуы) немесе клиникалық тестілерде дәлсіздіктің болуы
Бас миының өлімін диагностикалау үшін стационардың ең аз жабдықталуы
- Газды талдағыш.
- Оттек контуры.
- ЭКГ және АҚ мониторы.
- Бас миының өлімі диагнозы клиникалық тестілер негізінде сенімді қойылуы мүмкін.
БАС МИЫНЫҢ ӨЛІМІН РАСТАУДЫҢ СХЕМАСЫ
- Негізгі критерийлер – 24 сағат ішінде өзгеріссіз немесе
- Негізгі критерийлер – 12 сағат ішінде өзгеріссіз + ЭЭГ немесе
- Негізгі критерийлер – 6 сағат ішінде өзгеріссіз + ангиография немесе
- бас миы тамырларының Doppler-графиясы
Толық және тұрақты естен тану (Глазго шкаласы бойынша есеп – 3).
Глазго шкаласы (GlasgowComaScale) бас миы жарақаты нәтижесінде неврологиялық бұзушылықтар дәрежесін және естің бұзылу тереңдігін жіктеу үшін пайдаланылады. Пациенттің нақты жай-күйін көрсететін балдар сомасын есептеу қажет.
Көзді ашу:
Өздігінен – 4 балл
Сөйлеуге жауап ретінде – 3 балл
Ауыруға жауап ретінде – 2 балл
Жоқ – 1 балл
Сөйлеу арқылы (ауызша) жауап қайтару:
Пациент қойылған сұраққа жылдам және дұрыс жауап береді – 5 балл
Сөздердің шатасуы байқалады – 4 балл
Сөздердің араласуы (қонымсыз сөйлеу), жауаптың мағынасы бойынша сұраққа сәйкес келмеуі – 3 балл
Қойылған сұраққа анық сөйлемеу – 2 балл
Сөйлемеу – 1 балл
Қимыл арқылы (моторлы) жауап қайтару:
Командамен өздігінен қимылдар орындау – 6 балл
Ауыртумен қоздыруға жауап ретінде мақсатқа лайықты қимыл (итеру) – 5 балл
Ауыртумен қоздыруға жауап ретінде аяқ-қолды тарту – 4 балл
Ауыртумен қоздыруға жауап ретінде патологиялық бүгілу – 3 балл
Ауыртумен қоздыруға жауап ретінде патологиялық жазылу – 2 балл
Қимылдың жоқтығы – 1 балл
15 балл – есінің анықтығы
13-14 балл – есеңгіреу
9-12 балл – ессіз күй
4-8 балл – кома
3 балл – Бас миының өлімі (шарасыз өлім).
Нормальная реакция Нет реакции |
Қалыпты реакция Реакцияның жоқтығы |
Жарыққа жауап қайтармайтын кеңейген немесе орташа көз қарашығын (мидриаз) қараңғылатылған бөлмеде, жарқын жарық көзінің көмегімен тексереді, мидриатикалық заттардың әсер етуін болдырмау |
|
Корнеалды рефлекстің болмауы: көздің мүйізгек қабығын стерильді дәке анжының бұрышымен қатты қоздыру кезінде – кірпіктің қозғалмауы |
|
|
Окулоцефалиялы рефлекстің болмауы. Окулоцефалиялы рефлекстерді тудыру үшін дәрігер төсектің бас жағында, пациенттің басы дәрігер қолының арасында, ал қолының үлкен саусақтары пациенттің қабағын көтеретіндей етіп орналасуы тиіс. Бас бір жаққа қарай 90 градус бұрылып, осы күйде 3-4 секунд ұсталады, содан кейін қарсы жаққа сол уақытқа бұрылады. Егер басты бұру кезінде көз қимылдамаса және орташа күйде сақталса, ол окулоцефалиялы рефлекстердің жоқтығын дәлелдейді. Окулоцефалиялы рефлекстер омыртқаның мойын бөлігі жарақаттануы немесе оның жарақаттануына күмән болуы жағдайында тексерілмейді. |
|
Өздігінен тыныс алудың тұрақты болмауы
Ажырату тесті (апноэтикалық оксигенация тесті) осы тармақтың 1) - 6) тармақшалары бойынша нәтижелер алынғаннан кейін өткізіледі. Тест үш элементтен тұрады:
қанның газ құрамының мониторингі үшін (РаО және РаСО) аяқ-қолдың бір артериясы канюлациялануы қажет; желдеткішті ажыратпастан бұрын 10-15 минут бойы нормокапнияны (РаСО – 35-45 мм. сын. бағ) және гипероксияны (200 мм. сын. бағ кем емес РаО) – FiO = 1,0 (яғни 100 % оттегі), таңдап алынған VЕ (ӨМЖ - өкпені минуттық желдету), оңтайлы РЕЕР (СОЭҚ - соңғы оң экспираторлы қысым) ӨЖЖ режімінде өткізу қажет; осы тармақшаның үшінші және төртінші абзацтарында көзделген әрекеттерді орындағаннан кейін ӨЖЖ аппаратын ажыратады және эндотрахеялы немесе трахеостомиялық түтікшені жылдамдығы минутына 6 литр 100 % суланған оттегі береді. Осы уақытта артериялық қан сынамасын алу арқылы бақыланатын эндогендік көмір қышқылы жиналып қалады. Қан газдарын бақылау кезеңдері мынадай: ӨЖЖ шарттарында тест басталғанға дейін; ӨЖЖ басталғаннан кейін 10-15 минуттан соң 100 % оттегімен; ӨЖЖ ажыратқаннан кейін, бұдан кейін әр 10 минут сайын РаСО 60 мм. сын. бағ. жеткенге дейін. Егер осы немесе РаСО жоғары мәнінде сыртқы әсерсіз тыныс қимылдары қайта қалпына келмесе, ажырату тесті бас миы діңгегінің тыныс орталығы функциясының жоқ болуы туралы куәландырады. Ең аз тыныс қимылдары пайда болғанда ӨЖЖ тез арада жаңартылады. Окуловестибулярлы рефлекстің жоқтығы Окуловестибулярлы рефлекстерді зерттеу үшін екі жақты калориялық сынама өткізіледі. Оны өткізбестен бұрын дыбыс жарғағының перфорациясының жоқ болуына көз жеткізу керек. Науқастың басын көлденең деңгейден 30 градусқа жоғары көтереді. Сыртқы есту жолына шағын көлемдегі катетер енгізіледі, сыртқы есту жолын 10 секунд ішінде суық сумен баяу ылғалдау жүргізіледі (температурасы + 20 С, 100 миллилитр). Ми діңгегінің сақталу функциясында 20-25 секундтан кейін нистагм немесе көздің нистагм құрамына баяу ауытқуы пайда болады. Екі жақты орындалған калориялы сынама кезінде нистагмның жоқ болуы мен көз алмаларының ауытқуы окуловестибулярлы рефлекстердің жоқ екенін дәлелдейді. |
Үш тармақты жүйке аумағында ауырту арқылы қоздыруға жауаптың жоқтығы |
|
Отсутствие реакций при раздражении в зоне п. trigeminusTrigger points (circles) have the greatest sensitivity
|
trigeminusTrigger points (circles) have the greatest sensitivity аумағында қоздыруға жауаптың жоқтығы |