ЭКГ
  • Пульсоксиметрия
  • Артериялық қысым (тікелей емес, тікелей)
  • Сұйықтықтардың сағаттық теңгерімі
  • Орталық тамыр қысымы.
  • Дене температурасы
  • Капнометрия
  • Құрсақ қуысының УДЗ
  • Жүрек УДЗ
  • ЭЭГ
  • Көрсетілімдер бойынша мидың КТ
  • Құрсақ қуысының және кеуде қуысының КТ
  • Зертханалық мәлімет

 Мақсат: гемодинамика көрсеткіштерін сақтау және ағзаларды ишемиядан қорғау

 100 ережесі:

    • Систоликалық АҚ – 100 мм сын.бағ.
    • ОТҚ-100 мм су б.
    • Тамыр соғуы -100 соққы/мин
    • Диурез - 100 мл/сағ
    • Гемоглобин - 100 г/л
    • PаO2 - 100 мм сын.бағ.
    • Допамин 10мкг/кг/мин артық емес
    • Добутамин< 15 мкг/кг/мин.,
    • Адреналин < 0,1 мкг/кг/мин.,

    Норадреналин- 2-4 мкг/кг/мин

Көрсетілімдер қайта қаралады. Жалпы күтім шаралары жалғасады (тері жабындары мен ауыз қуысын гигиеналық өңдеу, ұзақ жатудан ойылудың алдын алу, трахеобронхиалды тарамның санациясы, асқазанның іркілген құрамын дренаждау, көздің мүйізгек қабығына күтім жасау, асептика және антисептиканы қатаң орындау).

Манипуляциялар

- Орталық және 2 шеткі тамырды катетерлеу

- Кәріжілік артериясын катетерлеу

- Фолейдің несептік катетері

- Асқазан зонды

Әр сағат сайын бақылау картасында параметрлерді тіркеумен, тіршілік функцияларын мониторингтеу

- ЭКГ, ЖСЖ, SpO2 – тұрақты түрде

- Инвазивті емес АҚ – 5-10 мин

- Инвазивті АҚ – тұрақты түрде (a.radialis)

- ОТҚ – тұрақты түрде (монитор) немесе сағат сайын

- Тік ішек температурасы (өңеш) – сағат сайын

Зертханалық көрсеткіштерді мониторингтеу

Бастапқы:

- Қанның клиникалық талдауы (толық жасушалық құрамы, Ht, Hb)

- Қанның биохимиялық талдауы (глюкоза, электролиттер, осмолярлық, несепнәр, креатинин, жалпы ақуыз, альбумин, жалпы билирубин және фракциялары, АлТ, АсТ, ЩФ, ЛДГ)

- Коагулограмма (ПВ, ПТВ, МНО фибриноген)

- Артериялық қанның қышқылды-негізгі күйі және газдары

- Несептің жалпы талдауы

Әрбір 4 сағат сайын қайталама талдаулар:

- Hb, Ht, эритроциттер, тромбоциттер

- Na, К, креатинин, несепнәр, глюкоза

- қанның қышқылды-негізгі күйі, газдары

Келесі жағдайларда әрбір 1-2 сағат сайын қан глюкозасын қайталама талдау:

- Қанның глюкозасы <5,0 ммоль/л немесе >8,0 ммоль/л

- Инсулин енгізу

Донорды зерттеу:

- Кеуде қуысының Rg

- ЭКГ

- Қанның тобы және Rh-фактор

- Фибробронхоскопия және т.б.

Жүйелік гемодинамика параметрлері және түзету

Мақсат:

 - ЖСЖ 60 – 110 соғу/мин.
- АҚор. 60 – 90 мм сын.бағ.
- АҚсист. 100 – 160 мм сын.бағ.
- ОТҚ 4 – 10 мм сын.бағ.

Артериялық гипертензия.

АҚсист. >160 мм сын.бағ., АҚор. >90 мм сын.бағ.
- Бревиблок (Эсмолол) – болюс 100 – 500 мкг/кг, содан кейін инфузия 100 – 300 мкг/кг/мин
- Нитроглицерин (Перлинганит) – инфузия 2 – 10 мг/сағ

Ырғақсыздықтар (аритмиялар).

- Гипотермияны, гиповолемияны, қышқылды-негізгі күйдің электролиттік бұзылуын жоққа шығару

- Қарыншалық – Лидокаин, Амиодарон

- Қарыншаүстілік – Амиодарон

- Брадиаритмия – Адреналин, Изопротеренол (атропин тиімді емес)

Артериялық гипотензия

АҚор. <60 мм сын.бағ., АҚсист. <90 мм сын.бағ.
- Нормоволемияны қамтамасыз ету (ОТҚ 6 – 10 мм сын.бағ., Ht 0.28, диурез ≥1,0 мл/кг/сағ)
- Инотроптар және вазопрессорлар
- Дофамин ≤10 мкг/кг/мин (немесе Добутамин ≤10 мкг/кг/мин)
- Мезатон ≤0,05 мкг/кг/мин (немесе Норадреналин ≤0,05 мкг/кг/мин)
- Адреналин ≤0,05 мкг/кг/мин
- ЭКГ (асқынған инфаркт миокардын жоққа шығару) 
- ЭхоКг (сол жақ қарыншаның шығару фракциясы ≥45%)
- (+/-) Өкпе артериясын катетерлеу

 Инфузиялық терапия

Мақсат:
- ОТҚ 4 – 10 мм сын.бағ.
- Диурез 1 – 3 мл/кг/сағ
- Натрий 130 – 150 ммоль/л
- Глюкоза 5,0 – 8,0 ммоль/л
- Ht 30, Hb 100 г/л

 

Айналымдағы қан көлемін бастапқы қалпына келтіру – АҚ, ЖСЖ, ОТҚ, диурез бойынша

- Кристаллоидтар – 0,9% NaCl, Рингер ерітіндісі
- Гидроксиэтилкрахмал 6%
- Альбумин 5 – 10% 
- Декстрандар – бермеу
- (+/-) Гелофузин
- Қан препараттары (көрсетілімдер бойынша)

Айналымдағы қан көлемін сақтау – ортаны Na және қан глюкозасының деңгейі бойынша таңдау:

- 0,9% NaCl немесе
- 5%-20% глюкоза немесе
- 0,45% NaCl+5% глюкоза

Анемия

Мақсат: Ht 30, Hb 100 г/л
- Созылмалы қан кетуді болдырмау
- Ht<20, Hb<60 г/л – эритроциттік масса 2 мөлшер

Коагулопатия

Мақсат: 
- Тромбоциттер >80 – 100 мың.
- Фибриноген 2 – 4 г/л
- ПВ<14,5 сек
- ПТВ<36,5 сек
- МНО<2.0

Гипотермияны, гемодилюцияны, декстрандарды болдырмау

Клиникалық маңызды коагулопатия кезіндегі түзету:

- Тромбоциттер <50 мың – тромбоцитарлық масса
- ПВ >15, ПТВ >38 сек – СЗП 
- Фибриноген <1.5 г/л – криопреципитат

Қан глюкозасы

Мақсат: 5 – 8 ммоль/л

Гипогликемия <4 ммоль/л:
- Глюкоза 40% – 40 – 60 мл т/і 
- Глюкозаны бақылау 15 мин., 1 сағаттан кейін
- Гипогликемия сақталған жағдайда 40% глюкозаны қайта енгізу

Гипергликемия

Келесі жылдамдықпен S.NaCl 0,9% (1 бірл/мл) инсулин инфузиясы:
8 – 12 ммоль/л 1 бірл/сағ
12,1 – 16 ммоль/л 2 бірл/сағ
16,1 – 20 ммоль/л 3 бірл/сағ
20 ммоль/л артық 0,1 бірл*кг/сағ

Қан глюкозасын әрбір 2 сағат сайын бақылау, >12 ммоль/л – сағат сайын.

5 – 8 ммоль/л жеткен кезде жылдамдықты 50% төмендетеді.

2 сағатта ≥3 ммоль/л төмендеу қарқынында жылдамдық инфузиясы бұрынғы.

2 сағатта <3 ммоль/л төмендеу қарқынында немесе гликемия өскен кезде инфузия жылдамдығын 1 бірл/сағ арттырады, қанның глюкозасы >12 ммоль/л болған кезде қосымша болюс 2-8 бірл. инсулин.

Полиурия

Мақсат:
- Диурез 1 – 3 мл/кг/сағ (75 – 150 мл/сағ) 
- Na 130 – 150 ммоль/л

Келесілерге жол бермеу:
- физиологиялық диурез (су жүктемесі) –инфузия көлемін түзету
- осмостық диурез (гипергликемия >11 ммоль/л) – инсулин;
- осмо- және салуретиктер (маннитол, фуросемид) – диуретиктерді қолданбау, жоғалтуды қанның глюкозасын, Na есепке алумен толтыру.

Қантсыз диабет

- Диурез > 4 мл/кг/сағ
- Несептің салмақ үлесі <1,005
- Гипернатриемия> 150 ммоль/л 
- Сарысудың осмолярлығы >310 мосм/л, несептің осмолярлығы < 300 мосм/л

Түзету:

- Диурез <200 мл/сағ – инфузия 5% глюкоза ерітіндісі мл/мл несеп
- Диурез >200 мл/сағ – десмопрессин әрбір 6 – 8 сағат
- Эмосинит – 2 – 6 мкг т/і немесе
- Минирин (табл.) – 0,2 – 0,6 мг асқазан зондына немесе
- Адиуреретин (мұрын тамшылары) – 2 – 4 тамшы (0,2 – 0,4 мкг)

Электролиттер:

Na 130 – 150 ммоль/л шектерінде

Гипернатриемия: Na>150 ммоль/л
- Полиуриямен – қантсыз диабетті қар.
- Полиуриясыз – 0,9% NaCl қолданбау, инфузия 5% глюкоза.

Гипонатриемия: Na<130 ммоль/л
- 5% глюкозаның орнына 0,9% NaCl
- 3 сағат ішінде 4% NaCl 40 мл/сағ (егер Na<128 ммоль/л). 

Калий

Мақсат: 3,5 – 5.0 ммоль/л

Гиперкалиемия: К 5,8 ммоль/л артық
- «Термолизденген» қандағы нәтижелер есепке алынбайды

- Бүйрек функциясын бағалау (бүйрек жетіспеушілігі)
- Қышқылды-негізгі күй (метаболизмдік ацидоз)
- Калий препараттарын енгізбеу
- Т/і 5% глюкоза 500 мл + инсулин 15 Бірл + 4% натрий бикарбонаты 100 мл (50 ммоль), қажет жағдайда қайталау.

Гипокалиемия: К 3,4 ммоль/л кем
- Полиурия себебін анықтау
- Қышқылды-негізгі күйі (алкалоз)
- Инфузия 7,5% KCl 40 – 80 мл 1 сағат ішінде, қажет жағдайда қайталау

Қышқылды-негізгі күй

Мақсат: pH 7,35 – 7,45

Температура

Мақсат: > 35,5° және <37,5°

- Орталық температураны тұрақты мониторингтеу (тік ішек, қуық, өңеш, дабыл жарғағы, өкпе артериясы)

Гипотермия <36,0°:
- Физикалық жылыту (көрпе, жылытқылар)
- Жылытылған ерітінділер инфузиясы
- Тыныс алу қоспасын жылыту (38,5°)

Гипертермия (тән емес) >37,8°:
- Физикалық салқындату (ашу, мұз, желдеткіш)
- Тыныс алу қоспасы жылытылмайды
- Антипиретиктер – т/і анальгин 1 г, парацетамол (перфалган), бұрын жүргізілген бактерияға қарсы терапия жалғасады.

Донорларға арналған ақпарат