Литваның Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға қайтыс болған жағдайда басқа біреудің өмірін сақтап қалу мақсатында трансплантаттау үшін ағзаларды пайдаланудан бас тартуды немесе келісімді электронды түрде толтыруды ұсынады.
ВИЛЬНЮС, 3 қыркүйек – Sputnik. Вильнюс университеттік ауруханасында мөлдір қабық пен бүйректі ауыстырып қондыру жүргізілді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
ОРеципиенттер үшін лайықты донор табылғаны туралы 26 тамызда белгілі болды. Мұндай хабарлама келген сайын, жақындары ағзаларын мұқтаж пациенттерге беруге келісетіндері туралы шешім қабылдауға тиіс. Олардың мақұлдауынан кейін трансплантаттауды үйлестіру бойынша іс-шаралар басталды: донорлық ағзалардың жай-күйі бағаланды, клиникалық көрсеткіштер бойынша ең қолайлы реципиенттер таңдалды, нәтижесінде ағзаларды трансплантаттау жүргізілді. Мөлдір қабық және бүйрек – трансплантаттау үшін неғұрлым күтілетін тіндер мен ағзалар. 1 тамыздағы жағдай бойынша қолайлы мөлдір қабықты 136 адам, ал қолайлы бүйректі 127 адам күтті. Барлығы Литвада ағзаларды ауыстырып қондыруды 414 адам күтуде.
Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Ұлттық трансплантология бюросы ағзалардың донорлығы туралы шешім қабылдауға және ең бастысы, оны қайтыс болған жағдайда түпкілікті шешім қабылдайтын жақындарыңызбен талқылауға шақырады. Қайтыс болған жағдайда ағзалардың донорлығына келісімді немесе бас тартуды үкіметтің сайтында электрондық түрде толтыруға болады.