Баспасөз хабарламасы
2024 жылғы 23 қазанда Өскемен қаласындағы «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК базасында қайтыс болғаннан кейін донордан ағзаларды мультиағзалық алу сәтті өткізіліп, Астана қаласына санавиациямен жеткізілді. Бұл «Транспланттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК республикалық, өңірлік және стационарлық транспланттаушы үйлестірушілерінің және «University Medical Center» корпоративтік қоры, «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС транспланттау орталықтары мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды. Қазіргі уақытта транспланттау орталықтарында трансплантаттау жұмыстары жалғасуда.