2023 жылдың 8 қыркүйегінде Алматыда академик Мұхтар Әлиевтің 90 жылдығына және оның Қазақстан хирургиясының дамуына қосқан үлесіне арналған Қазақстан хирургтарының VIII конгресі өз жұмысын бастады. Конгрестің бағдарламасы әлемдегі медицина ғылымының маңызды жетістіктеріне, хирургиялық ауруларды диагностикалаудағы, емдеудегі және профилактикасындағы жаңа бағыттарға арналған және жетекші шетелдік клиникалармен озық тәжірибе алмасуға, гепатопанкреатобилиарлы хирургия, асқазан-ішек және эндокриндік ағзалар хирургиясы, сондай-ақ ағзаларды трансплантаттау және шұғыл хирургия сияқты күрделі салалардағы білім деңгейін жақсартуға бағытталған. Конгресс жұмысына Транспланттауды және жоғары технологичлық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық директоры Сауле Шәйсултанова және денсаулық сақтауды дамытудың негізгі аспектілері ретінде донорлық және трансплантация туралы баянадама жасаған орталықтың жас ғалымы Алтынай Беембетова қатысуда. Баяндама 2020-2022 жылдар аралығындағы трансплантацияны күту тізбесі туралы мәліметтерді талдау негізінде, аймақтық, гендерлік және жас ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың органдарға қажеттілігі туралы ақпарат негізінде дайындалды. Алтынай Беембетова өз баянадамасында Қазақстанда трансплантацияны күтіп тұрған көптеген науқастардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретін ағза донорларының жетіспеушілігіне тоқталды. Бұл мәселені шешу үшін халықтың донорлық туралы хабардарлығын арттыру, осы салада үйлестірудің және логистиканың бірыңғай ұлттық жүйесін құру, сондай-ақ трансплантацияға мамандандырылған медициналық мекемелерді жеткілікті қаржыландыру мен техникалық жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша ауқымды шаралар қажет.

Транспланттауды және жоғары технологичлық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықтың тиімді ұлттық жүйесін құру және трансплантология ғылымын дамыту барысындағы өз ісін жалғастыруда.

ТЖТМҚҮРО Баспасөз қызметі

Донорларға арналған ақпарат