KZ

  2022 жылғы 28 қазандағы «Қазақстан Республикасы мен Шымкент қаласындағы қайтыс болғаннан кейінгі ағзалық донорлықты дамытудың проблемалық мәселелері» өңірлік кеңесінің бағдарламасы».  28.10.2022ж.

2022 жылғы 28 қазанда онлайн режимде ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың, Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мен донорлық ұйымдардың базасында Денсаулық сақтау басқармасының басшылары мен бас мамандарының, донорлық ұйымдардың қызметкерлерінің, діни және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін шақыра отырып, республиканың және облыстың транспланттаушы үйлестірушілерінің қатысуымен өңірлік кеңес өтті.

Кеңес мемлекеттік тапсырманы іске асыру аясында ұйымдастырылды және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келісілді.

ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директордың міндетін атқарушы Дина Рыскұлбекқызы Джулсаитова құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы мен Шымкент қаласындағы транспланттауды үйлестіру қызметінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы баяндама жасады.

Елдегі трансплантологияның даму деңгейі медициналық көмек көрсету сапасын және жалпы мемлекеттің даму дәрежесін көрсететін индикатор болып саналады. Барлық мемлекеттерде трансплантологияның дамуын тежейтін негізгі проблема донорлық ағзалардың тапшылығы болып табылады.

Ағзалардың тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 2021-2022 жылдар кезеңінде бірқатар, оның ішінде жүйелі сипаттағы шаралар қабылданды:

- Трансплантология саласындағы нормативтік-құқықтық база жаңартылды.

- Ағзалардың ықтимал реципиенттерінің бірыңғай электрондық дерекқоры (күту парағы) қалыптастырылды және жүргізілуде.

- Донор-реципиент жұптарын іріктеу автоматтандырылған режимде ДРЕМАЖ арқылы жүзеге асырылады.

- ҚР азаматының транспланттау мақсатында ағзалардың қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына тірі кезінде ерік білдіруін тіркеу құқығы іске асырылды.

- Медициналық мамандықтар номенклатурасына дәрігердің «Трансплантациялық үйлестіру» жаңа мамандануы енгізілді.

- Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасына республикалық, өңірлік және стационарлық транспланттаушы үйлестірушілердің лауазымдары енгізілді.

- Кадаверді мультиғазалық алуға дайындау бойынша қызметтер көрсеткені үшін донорлық ұйымдардың шығындарын өтеу тетігі енгізілді және жұмыс істеуде.

- Қайтыс болғаннан кейінгі ықтимал донор анықталған және өзектендірілген жағдайда (донорлық процесс) транспланттаушы үйлестірушілердің іс-қимыл алгоритмі әзірленді және бекітілді.

Аталған кеңеске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі Ибраев Тамерлан Дарханұлы қатысты.

Ислам егер адам қайғылы өлімнен кейін басқа адамдардың өмірін құтқарса-бұл мейірімділіктің ұлы актісі, игі іс деп санайды және ағзаларды транспланттауға қарсылық білдірмейді.

Өткізілген кеңес қорытындысы бойынша Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына өңірде ағзалық донорлықты дамыту мақсатында шаралар қабылдау ұсынылды.

Бүгінгі күні ел бойынша ықтимал реципиенттер тіркелімінде ағзаларды трансплантациялауды қажет ететін 3532 пациент бар, оның ішінде 132 – Шымкент қаласының тұрғындары.

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау