KZ

Пресс-релиз

 

2021 жылдың 19 қарашасында денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі - ДСБ), ӘМСҚ, РЭДСО қызметкерлерінің, облыстың медициналық ұйымдары басшыларының, ДСБ штаттан тыс бас мамандарының және Ақтөбе облысы бойынша ТЖТМҚҮРО өңірлік транспланттаушы үйлестірушісінің қатысуымен Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының өңірлік кеңесі өтті.

Кеңестің күн тәртібіндегі мәселелердің бірі 2021 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ағзалық донорлықты дамыту және Ақтөбе облысының тұрғындарына трансплантологиялық көмектің қолжетімділігі мәселесі болды, ол бойынша өңірлік транспланттаушы үйлестіруші Валентина Сергеевна Арыстанова сөз сөйледі.

Бүгінгі күні Ақтөбе облысы бойынша ықтимал реципиенттер тіркелімінде ағзаларды транспланттауға мұқтаж 276 пациент тұр, оның ішінде 250 тұрғын бүйрек, 22 адам бауыр және 4 пациент - жүрек трансплантациясын қажет етеді. 

Үдемелі созылмалы аурулары бар осы пациенттер үшін ағзаларды транспланттау өмірге жалғыз мүмкіндік болып табылады.

Өкінішке орай, 2021 жылдың өткен кезеңінде облыс бойынша күту парағы қайтыс болу себебінен 28 адамға азайды.

Қазақстанда 2021 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 141 трансплантация, оның ішінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан - 10 ағзалар трансплантациясы жасалды, бұл транспланттаулардың жалпы санынан 7%-ды құрайды, ал қалған 93% - тірі донорлардан. Есепті кезеңде Ақтөбе облысының 3 пациентіне, оның ішінде 1 балаға бүйрек трансплантациясы жасалды. Операциялардың төмен санының негізгі себебі - донорлық ағзалардың жіті тапшылығы болып табылады. Ағзаларды ауыстырып қондыруды қажет ететін пациенттердің күту парағы жылдан жылға қысқармауда, ал қайтыс болу себебінен бұл парақтан шыққандар саны артуда.

Облыс тұрғындарына трансплантологиялық көмек көрсету үшін қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан ағзалар тапшылығы мәселесін шешу қажет. Бұл үшін кешенді тәсіл қажет, соның ішінде:

- қоғам мен БАҚ-ты тарта отырып, ағзалық донорлықты  насихаттау және қоғамдық пікірді қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың пайдасына өзгерту жөніндегі жұмыс;

- ағзалық донорлық және халыққа трансплантологиялық көмек көрсету мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау бойынша медициналық персоналмен ақпараттық-түсіндіру жұмысы;

- донорлық ұйымдардың кадрларын мидың өлімін растау мәселелері бойынша даярлау;

- «Мидың біржола семуін растау қағидаларын және мидың біржола семуі кезінде ағзалардың функцияларын демеу жөніндегі жасанды шараларды тоқтату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 27.10.2020 ж. № 156 бұйрығының талаптарына сәйкес донорлық ұйымдарды бас миының біржола семуін растау үшін қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету;

- тіркелімнен ағзалардың ықтимал реципиенттерін уақтылы иммунологиялық тексеру (HLA типтеуге - алғаш рет күту парағына енгізілген пациенттерді және антиденелерге әрбір 3 айда 1 рет - бүйректің ықтимал реципиенттерін);

- өңірдегі ағзалық донорлықты дамыту мәселелерін ДСБ алқасында тұрақты негізде жылына кемінде 1 рет қарау.

Кеңес мынадай шешім қабылдады:

ТЖТМҚҮРО өңірлік транспланттаушы үйлестірушісінің ақпаратын назарға алу, облыстық стационарлар мамандарын бас миының өлімі мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру және ДСБ мен медициналық ұйымдар қызметкерлерінің бірлескен күшімен ағзалық донорлықты дамыту бойынша АТЖ жандандыру тапсырмасы берілді.

2020. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Нұр-Сұлтанда сайттар жасау және қолдау