KZ

12.11.2021 Ж. «Қазақстан Республикасында және Батыс Қазақстан облысында қайтыс болғаннан кейінгі ағзалық донорлықты дамытудың проблемалық мәселелері» атты өңірлік кеңес бағдарламасы.

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2021 жылғы 12 қарашада онлайн режимде ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың, Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы мен донорлық ұйымдардың базасында Денсаулық сақтау басқармасының басшылары мен бас мамандарының, донорлық ұйымдардың қызметкерлерінің, діни және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін шақыра отырып, республиканың және облыстың транспланттаушы үйлестірушілерінің қатысуымен өңірлік кеңес өтті.

Кеңес мемлекеттік тапсырманы іске асыру аясында ұйымдастырылды және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келісілді.

ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры Әділ Мұратбекұлы Жұмағалиев құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы мен Батыс Қазақстан облысындағы транспланттауды үйлестіру қызметінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы баяндама жасады.

Елдегі трансплантологияның даму деңгейі медициналық көмек көрсету сапасын және жалпы мемлекеттің даму дәрежесін көрсететін индикатор болып саналады. Барлық мемлекеттерде трансплантологияның дамуын тежейтін негізгі проблема донорлық ағзалардың тапшылығы болып табылады.

Ағзалардың тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 2020-2021 жылдар кезеңінде бірқатар, оның ішінде жүйелі сипаттағы шаралар қабылданды:

- Трансплантология саласындағы нормативтік-құқықтық база жаңартылды.

- Ағзалардың ықтимал реципиенттерінің бірыңғай электрондық дерекқоры (күту парағы) қалыптастырылды және жүргізілуде.

- Донор-реципиент жұптарын іріктеу автоматтандырылған режимде ДРЕМАЖ арқылы жүзеге асырылады.

- ҚР азаматының транспланттау мақсатында ағзалардың қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына тірі кезінде ерік білдіруін тіркеу құқығы іске асырылды.

- Медициналық мамандықтар номенклатурасына дәрігердің «Трансплантациялық үйлестіру» жаңа мамандануы енгізілді.

- Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасына республикалық, өңірлік және стационарлық транспланттаушы үйлестірушілердің лауазымдары енгізілді.

- Кадаверді мультиғазалық алуға дайындау бойынша қызметтер көрсеткені үшін донорлық ұйымдардың шығындарын өтеу тетігі енгізілді және жұмыс істеуде.

- Қайтыс болғаннан кейінгі ықтимал донор анықталған және өзектендірілген жағдайда (донорлық процесс) транспланттаушы үйлестірушілердің іс-қимыл алгоритмі әзірленді және бекітілді.

Қазақстан Республикасындағы трансплантациялық үйлестірудің заңнамалық негіздері туралы республикалық үйлестіруші Дина Рысқұлбекқызы Джулсаитова баяндады. Мидың өлімін растау, донорлық процесті ұйымдастыру, ағзалардың ықтимал реципиенттерінің тіркелімін жүргізу және қалыптастыру кезінде басшылыққа алынуы тиіс нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтау қажет.

Аталған кеңеске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі Бауыржан Әбдуәлиев және Орыс Православ шіркеуінің өкілі Дмитрий Филиппович Байдек қатысты.

Христиандық пен ислам егер адам қайғылы өлімнен кейін басқа адамдардың өмірін құтқарса-бұл мейірімділіктің ұлы актісі, игі іс деп санайды және ағзаларды транспланттауға қарсылық білдірмейді.

Өткізілген кеңес қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасына өңірде ағзалық донорлықты дамыту мақсатында шаралар қабылдау ұсынылды.

Бүгінгі күні ел бойынша ықтимал реципиенттер тіркелімінде ағзаларды трансплантациялауды қажет ететін 3342 пациент бар, оның ішінде 137 - Батыс Қазақстан облысының тұрғындары.

 

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау