KZ

03.11.2021 Ж. «Қазақстан Республикасында және Маңғыстау облысында қайтыс болғаннан кейінгі ағзалық донорлықты дамытудың проблемалық мәселелері» атты өңірлік кеңес бағдарламасы.

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2021 жылғы 3 қарашада онлайн режимде ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың, Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы мен донорлық ұйымның базасында Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылары мен бас мамандарының, донорлық ұйым қызметкерлерінің, діни және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін шақыра отырып, транспланттаушы үйлестірушілердің қатысуымен өңірлік кеңес өтті.

Кеңес мемлекеттік тапсырманы іске асыру аясында ұйымдастырылды және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келісілді.

Аталған кеңесте ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың (бұдан әрі – ТЖТМҚҮРО) директоры Әділ Жұмағалиев ағзалық донорлықты дамытудың жағдайы және Қазақстан Республикасының халқына трансплантологиялық көмек көрсету туралы баяндама жасады.

Ағзаларды транспланттау - үдемелі созылмалы ауруы бар адам үшін өмір сүрудің бірден-бір мүмкіндігі.

Қазақстанда 2015-2017 жылдары транспланттау саны жылына 300 операцияға жетті, алайда соңғы екі жылда ота жасау саны күрт төмендеп, 2021 жылы 100-ден аса ағзаларды ауыстырып қондыруды құрады. Операция санының азаюының негізгі себебі - донорлық ағзалардың жетіспеушілігі. Ағзалар трансплантациясына мұқтаж пациенттер тұратын күту парағы жылдан жылға артып келеді.

Трансплантологиялық көмектің нәтижелі жұмысы және халықты донорлармен қамтамасыз ету үшін кешенді тәсіл қажет, ол мыналарды қамтиды:

- діни конфессиялар, қоғам мен масс-медиа өкілдерін тарта отырып, халықты ақпараттандыру және қоғамдық пікірді қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың пайдасына өзгерту жөніндегі жұмыс;

- осы саладағы жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында транспланттаушы үйлестірушілердің желісін кеңейту және оларды үздіксіз оқытуды ұйымдастыру;

- донорлық процесті регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтау;

- «Мидың біржола семуін растау қағидаларын және мидың біржола семуі кезінде ағзалардың функцияларын демеу жөніндегі жасанды шараларды тоқтату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 27.10.2020 ж. № 156 бұйрығының талаптарына сәйкес донорлық ұйымдарды бас миының біржола семуін растау үшін қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету;

- тіркелімнен ағзалардың ықтимал реципиенттерін уақтылы иммунологиялық тексеруді ұйымдастыру (HLA типтеуге - алғаш рет күту парағына енгізілген пациенттерді және антиденелерге әрбір 3 айда 1 рет - бүйректің ықтимал реципиенттерін);

- өңірдегі ағзалық донорлықты дамыту мәселелерін ДСБ алқасында тұрақты негізде қарау.

Қазақстан Республикасындағы трансплантациялық үйлестірудің заңнамалық негіздері туралы республикалық үйлестіруші Дина Рысқұлбекқызы Джулсаитова баяндады. Мидың өлімін растау, донорлық процесті ұйымдастыру, ағзалардың ықтимал реципиенттерінің тіркелімін жүргізу және қалыптастыру кезінде басшылыққа алынуы тиіс нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтау қажет.

Аталған кеңеске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі Бауыржан Әбдуәлиев және Орыс Православ шіркеуінің өкілі Дмитрий Филиппович Байдек қатысты, олар мәжбүрлеу мен ағзаларды сатып алу –сатуды болдырмайтын, ықтимал донордың бас миының біржола семуін растаудың барлық шараларын сақтай отырып, ағзаларды ауыстырып қондыруды қажет ететін адамдардың өмірін құтқару үшін ағзалық донорлықты дамытуды діни ұстанымдар тұрғысынан қолдады.

Христиандық пен ислам егер адам қайғылы өлімнен кейін басқа адамдардың өмірін құтқарса-бұл мейірімділіктің ұлы актісі, игі іс деп санайды және ағзаларды транспланттауға қарсылық білдірмейді.

Бүгінгі күні ел бойынша ықтимал реципиенттер тіркелімінде ағзаларды транспланттауға мұқтаж 3342 пациент бар, оның 136 - Маңғыстау облысының тұрғындары. 

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау