Қазақстандағы трансплантология ең алдымен, ақшаға емес, донорларға тапшы. Ел бойынша үш мыңнан астам пациент күту тізімінде орналасқан, ең қажеттілері – бүйрек, бауыр және жүрек. Денсаулық сақтау министрлігінде мәйіттік донорлық әлі де өте сирек кездеседі дейді. Көз жұмғандардың туысқандары әдетте қарсылық білдіреді.
Азамат Құрқақов өткен жылдың желтоқсан айында ауырды. Алдымен жігіт жөтеле бастады, содан кейін оған бастың ауыруы қосылып, іші шанши бастады. Қыста оған бұның соқырішек екенін айтып, ота жасауды жоспарлады. Отадан пациент бас тартты. Содан кейін бұл ішектің түйілуі деді. Үш ай және жеті ауруханадан өткеннен кейін ғана диагнозы – «бауыр циррозы» екені анықталды.
«Мен Сызғанов атындағы институтта жаттым. Сол жерде мені бауырға кезекке қою керек болатын. Бірнеше күннен кейін клиникаға хабарласқан кезде мені танымай, тегім бойынша тексеріп, күту парағына енгізуді ұмытқандарын хабарлады. Бұл сұмдық. Қазір мен кішкентай қызым үшін өмірім үшін күресудемін. Отбасымды қалтырғым келмейді», - деді Азамат Нұрқақов.
Қазір Азамат хосписте. Алайда мұнда дәрігерлер тек симптомдық емдеу ғана көрсетеді. Басқаша айтқанда, тек қолдайтын шаралар мен дәрі-дәрмек. Өмірді құтқарудың жалғыз тәсілі – бауыр трансплантациясы.
«Біз барлық туысқандарымызды тексердік. Донор ретінде ешкім жарамайды. Менің қазіргі бар тілегім – адамдардың менің көмек туралы өтіншімді естуі. Бізді көрген, менің ұлыма көмектесе алатын бей-жай емес адамдар табылатын шығар», - дейді Сұлушаш Абдыхаева.
Азамат үйленген, бір жасар қызы бар. Отбасын асыраушы ауырып қалғаннан кейін жұбайы жұмысқа орналасты. Қыздарына азаматтың қарт әжесі қарасуда. Оның анасы Сұлушаш тәулік бойы ұлының жанында. Дәрігерлердің айтуынша, қазір жігіттің бауыры мүлдем жұмыс істемейді. Пациент естен тана бастады. Дәрі-дәрмек алуға ақшаны оның сыныптастары мен жолдастары береді.
«Пациент ауыр халде түсті, оның жағдайы бірқалыпты ауыр. Бауыр циррозы. Бауырды ауыстырып салу қажет. 4 кезеңдегі бауыр фиброзы. Ол Сызғановта бауыр ауыстыруға кезекте тұр», - деп ақпараттандырды Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының Қалалық паллиативті жәрдем орталығының терапевт дәрігері Евгений Кожаев.
Транспланттау орталығында күту парағында бүгінгі күні үш мыңнан артық қазақстандық тұрғанын есептеді. Барлығынан көп адамдарға бүйрек қажет, 2472 адам, 51 бала. Бауырды ауыстырып салуды қажет ететіндер 523, олардың 9 – балалар. Жүректі транспланттауды қажет ететіндер – 114, 6 – балалар, өкпе болса 11 отандасымызға қажет.
Очередь на трансплантацию |
Транспланттауға кезек |
Лист ожиданий |
Күту парағы |
3 тысяч человек |
3 мың адам |
2472 человек |
2472 адам |
51 дети |
51 бала |
«Біздің елде, кез келген басқа елдегідей, донорлық ағзалар тапшы. Оның себебі көп, оған қазір тоқталмаймыз. Сондықтан Қазақстанда басқа елдердегідей, тірі ағзаларды транспланттау дамыған. Ол туысқандары, достары, эмоциялық донорлар болуы мүмкін. Заңнама рұқсат етеді және жыл сайын Қазақстанда жасалатын транспланттаулардың орташа саны 300 жуық. Олардың ішінде 70% тірі донорлардан және 30% мәйіттік донорлардан», - деп хабарлады транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі орталық директорының орынбасары Серік Жарықов.
Қазақстандықтар қайтыс болған туысқандарының ағзаларын келісімдерін қаламай береді. Олармен бұл тақырыпта дәрігерлерден басқа, дін қызметкерлері де сұхбат жүргізеді. Анықтама ретінде, Еуропаның кейбір елдерінде донор болуға келіспегендер өздері де транспланттауға үміткер бола алмайды. 2012 жылдан бастап біздің елде 7 жыл ішінде 1300 мұндай ота жасалды. Күту парағында одан екі есе көп пациент тұр.
Жанна Хабдулхабар, Мурат Тайжанов, «Алматы» ТА