KZ

Осы жылдың ақпан айында рингте жеңіске жеткеннен кейін 31 жасар британдық боксшы Скотт Вестгарт қайтыс болды. Өлім себебі – миға қан құйылу. Спортшының анасы Ребекканың айтуынша, Скотт қайтыс болғаннан кейін ағзалардың донорлығына келісімге баяғыда қол қойған, деп хабарлайды thesun.co.uk.

Шайқастан кейін боксшы сұхбатында шоудың ойдағыдай өткеніне қуанышын: «Маған бұл ұнайды. Мен оны әлемдік кластағы кәсіпқой болу үшін емес, өзімнің көңілім үшін жасаймын. Мен тек көңіл көтеру үшін бокстасамын және шоу жасау арқылы барлығының көңілін көтере алатыныма ризамын» деген сөздерімен білдірді.

Алайда, спортшы өзін кенеттен нашар сезініп, дәрігерге жүгінді. Скотт Шеффилдтегі ауруханаға жіберіліп, келесі күні көз жұмды. Кәсіби мансабының жеті жылы ішінде Скотт 10 шайқас өткізді, олардың жетеуі жеңіспен, екеуі жеңіліспен және біреуі тең аяқталды. Британдық Англия чемпионы атағына жолда еді.

58 жасар Ребекка ұлын мақтан тұтатынын айтты. Қайтыс болғаннан кейін ағзалардың донорлығына келісім берудің арқасында дәрігерлер жеті адамның өмірін құтқарды.

Анасы қолымен ұлының кеудесін сипап, оның жүрегі кімге бұйыратыны жайлы ойланды. Скотт қайтқаннан бері өмірдің қуанышын жоғалтқаны туралы бөлісті. Оның жалғыз жұбанышы – ұлының өлімі мәнсіз болмағаны.

Әлемнің бұрынғы чемпионы Рикки Хаттон: «Бокс — спорттың қатал түрі» деді.

Әлемнің тағы бір чемпионы Карл Фрэмптон: «Бұл [Скотттың қайтыс болуы — редакцияның еск.] осы спорт түрінің қаншалықты қауіпті екенін еске салады» деп келісті.

2017 жылдың қараша айында шайқастан кейін Сальвадорлық 24 жасар боксшы Франсиско Руис қайтыс болды. 2017 жылдың маусым айында 34 жасар канадалық Тим Хейг өлімге әкелетін жарақат алды. 2016 жылдың қазанында шайқастан кейін шотландиялық боксшы Майк Тауэл көз жұмды. Алайда, Ребекка спорттың бұл түріне тыйым салуды қаламайды. Ол Скотт та оған қарсы болушы еді деп санайды.

Боксшының 10 жыл бірге отасқан 35 жасар Натали Керр есімді сүйікті әйелі қалды. Боксшы отбасымен көрші болған Джим Браун: «Оның інілері мен апайы бар, олар тамаша отбасы. Скоттың өлімі олар үшін үлкен соққы» деді.

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау