ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» директоры Сәуле Шайсұлтанова Республика күні қарсаңында, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.

Сәуле Шайсұлтанова 1968 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген, 1987 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Дәрігер-педиатр» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы аудандық ауруханада дәрігер-педиатр болып бастаған, 2004 жылдан Көкшетау медициналық колледжінде балалар аурулары пәнінің мұғалімі, балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, қалалық балалар емханасында педиатр, бас дәрігердің орынбасары қызметтерін атқарған. Көкшетау қаласы, Ақмола облыстық ауруханасы бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.

2012-2022 жылдары Астана қаласындағы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ трансплантацияны үйлестіру бөлімінің меңгерушісі.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» басшысы.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хаттарымен марапатталған, Қазақстан Республикасындағы ағза донорлығының ұлттық жүйесін және трансплантология ғылымын дамытуға елеулі үлес қосқан білікті маман.

Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық ұжымы Сәуле Талғатқызын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды!

Донорларға арналған ақпарат