2023 жылдың 4 қазанында Еуропалық ағза донорының күніне орай Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева мен ҚР ДСМ Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығының қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Жәнібек Успановтың қатысуымен брифинг өтті.
Қазақстан ағза донорларынын тапшылығы мәселелерін көрсету және Қазақстанда ағза донорлығы мен трансплантацияны дамытудың маңыздылығы туралы қоғамның хабардарлығын арттыру үшін Еуропалық ағза доноры күніне қосылды.
Жәнібек Успанов Қазақстанда донорлық органдарға сұраныс ұсыныстан айтарлықтай асып түсетінін, қазіргі уақытта елімізде бүйрек, бауыр, өкпе, жүрек және «Жүрек-өкпе» кешенін қоса алғанда, орган трансплантациясын күтуде 3900-ден астам науқас бар екенін атап өтті. Айта кету керек, мәйіттік донорлар статистикасы жеткіліксіз болып қалып тұр - 2022 жылы 16 адамның өмірін сақтап қала алған тек 4 донор болды.
Келе жатқан Ашық есік күн аясында ҚР ДСМ Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығы мен Ұлттық ғылыми онкология орталығы 18 жастан асқан науқастарға трансплантация мәселелері бойынша және мәйіттік донорлық, Күту парағына тіркелу туралы тегін кеңестер береді.
Гүлназ Досмырзаева Астанада ағза трансплантациясын күтіп тұрған 500-ден астам науқас бар екенін айта келе, донорлық органның хабардарлығын арттыру және ақпараттандырылған қоғам құру қажеттігін айтты.
Донор күні аясында Астана қаласында түрлі іс-шаралар өткізілуде, соның ішінде LED-экрандарда және аялдамаларда орган донорлығы туралы ақпараттық материалдар мен бейнероликтерді орналастыру, трансплантациядан кейінгі науқастардың, дәрігерлердің, трансплантолог-хирургтардың және денсаулық сақтау қызметкерлерінің қатысуымен Ақбұлақ өзенінің жағалауында орналсақан «Өмір аллеясына» көшет отырғызу іс-шарасы.
Сондай-ақ, дәрігерлер мен мамандар ұжымдармен және тұрғындармен кездесулер өткізіп, донорлық және ағза трансплантациясы туралы мәселелер бойынша ақпараттандырады.
Ағза донорлары күні Қазақстан тұрғындарын игі іс жасауға және адам өмірін сақтау үшін маңызды қозғалыстың бір бөлігі болу мүмкіндігі туралы ойлануға шақырады.
Донорларға арналған ақпарат