Еуропалық ағза донорлығы және трансплантация күні медицинаның осы саласына адамдардың сенімін арттыру үшін 1996 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол жыл сайын әртүрлі елдерде орган донорлығының қажеттілігі туралы қоғамның хабардарлығын арттыру, сондай-ақ ерікті және ақысыз донорлық қағидатын ілгерілету мақсатында өткізіледі.
Ағзаны трансплантациялау – маңызды медициналық жетістік, бірақ донорлық органдарға сұраныс ұсыныстан асып түседі.
Қазақстан ағза донорларынын тапшылығы мәселелерін көрсету және Қазақстанда ағза донорлығы мен трансплантацияны дамытудың маңыздылығы туралы қоғамның хабардарлығын арттыру үшін Еуропалық ағза доноры күніне қосылды.
2022 жылы не бары 4 мәйіттік донор 16 адамның өмірін сақтап қалды, ал 2023 жылы - 4 мәйіттік донор 9 адамның өмірін жалғастыруға үміт берді.
2023 жылдың 10 қыркүйегіндегі көрсеткіш бойынша, Күту парағында 3 953 науқас бар, оның ішінде бүйрек, бауыр, өкпе, жүрек және «Жүрек-Өкпе» кешеніне мұқтаждар бар.
Еуропалық ағза доноры күні аясында ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» келесі іс-шараларға қатысуға шақырады:
Ашық есік күні – 2023 жыл 7 қазан
Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықпен бірлесе отырып, 2023 жылдың 7 қазанында, Керей Жәнібек хандар 3.мекенжайы бойынша Ашық есік күні шарасын өткізеді.
Трансплантолог дәрігерлер 18 жастан асқан науқастарға трансплантация бойынша тегін кеңес береді.
Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың трансплантация үйлестірушісі қайтыс болғаннан кейін органдардың донорлығына ниет білдіру, Күту парағын құру және жүргізу мәселелері бойынша, сондай-ақ туыстық ағза донорлығы мәселелері бойынша кеңестер береді.
«Өмір аллеясында» көшет отырғызу
Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық, Алматы ауданының әкімшілігімен, «Өмір тынысы» трансплантацияланған науқастар ҚБ бірлесе отырып, Астана қаласында орналасқан «Өмір аллеясында» көшет отырғызу шарасын өткізеді.
Іс-шараға трансплантациядан кейін және күтудегі науқастар, трансплантолог дәрігерлер, Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, еліміздегі барлық трансплантациялық және донорлық ұйымдарда, басқа да медициналық мекемелерде, әлеуметтік желілерде және басқа да ресурстарда, ағза донорлығы мен трансплантация бойынша іс-шаралар өткізіліп, ақпараттық материалдар орналастырады.
Астанада Ағза доноры күні тақырыбына арналған плакаттар мен бейнероликтер Led экрандарда орналастырылады.
Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық сайтында Ағза доноры күні тақырыбында плакаттар, бейнероликтер, ақпараттық материалдар орналастырылады.
Орталықтың «Facebook.com» әлеуметтік желісіндегі парақшасында (https://www.facebook.com/transplant.kz) челленджге қатысып желідегі қолданушы профилін тақырыпқа сай жаңартуға болады.
Ағза доноры күні тақырыбындағы барлық ақпаратты #БірӨмірденАртық#БольшеОднойЖизни хэштегі бойынша табуға болады.
Қосымша сұрақтар бойынша Марлан Есілбаевқа хабарласуға болады - +77472392953.
Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың баспасөз қызметі.