3.374 адам - ресми статистика бойынша бүгінгі күні донорлық ағзаларды ауыстырып салуға күту парағында тұрған біздің отандастарымыздың саны. Олардың 80-і - балалар. Пациенттердің өздері біздің елімізде проблеманың ауқымы әлдеқайда үлкен деп мәлімдейді. «Сенім» Бүйрегі ауыстырылған мүгедектер және гемодиализдегі пациенттер қоғамы» республикалық бірлестігі Басқармасының деректері бойынша бүйрегін транспланттауға 8.000-ға жуық қазақстандық мұқтаж.
Барлық осы жағдайда гемодиализ орталықтары неғұрлым тиімді жағдайда болады. Жыл сайын мемлекеттік қазынадан осы жеке клиникаларға 37 млрд теңгеден астам қаржы түседі. Мамандар бұл мәселе пайдаға емес, донорлық ағзалардың жетіспеушілігіне байланысты дейді. Көп жағдайда қазақстандықтар мәйіттік донорлыққа теріс қарайды.