2021 жылдың қорытындысы бойынша жүректі ауыстырып қондыру бойынша тек екі операция жасалды. Ықтимал донорлардың, яғни, мидың өлімі нәтижесінде қайтыс болғандар саны 93 болды.
Қайтыс болғандардың туысқандары ағзаларды алудан үзілді-кесілді бас тартады. Бұл ретте күту парағында 3 мыңнан астам қазақстандық тұр, ал өткен жылы бұл тізімнен қайтыс болу себебінен341 адам шықты. Ең көп қазақстандықтар бүйрекке мұқтаж - 3018 адам, одан кейін бауыр мен жүрек келеді.
54 жасар Талғат Айнақұлов темір жүрекпен 6 жыл бойы өмір сүріп келеді. Бір кездері ауыр жұмыс кестесі денсаулыққа кері әсерін тигізіп, негізгі бұлшықеттегі метаболизмді бұзды. Бір сәтте жүрек өз қызметін атқаруға қабілетін жоғалтты. Талғаттың денесіне жасанды жүректі қондыруға тура келді.
Талғат Айнақұлов, жүректі ауыстырып қондыруға күту парағынан пациент:
– Алғашқы 2 жыл қиын болды. Өзіңіз түсінесіз, бұл бөтен дене, организм ұзақ уақыт бойы қарсы тұрды. Нашар ұйықтадым, нашар тамақтандым. Бірақ біртіндеп үйрендім. Хал-жағдайымды бақылай бастадым.
Өкінішке орай, мұндай құрылғы донорлық жүрек табылғанша уақытша құтқару болып табылады. Уақыт аз - шамамен 6 жыл. Демек, Талғат Айнақұловтың «темір жүректі» пайдалану мерзімі аяқталуға жақын. Мәселе мамандардың тапшылығында емес. Қазақстанда жүрек алмастыру операциясы тегін және сәтті жасалады. Бірақ донорлар жоқ дерлік.
Талғат Айнақұлов, жүректі ауыстырып қондыруға күту парағынан пациент:
– Мен донор болады деп сенгім келеді. Менің 4 ұлым бар, олардың бақытын, болашағын көргім келеді, өмір сүргім келеді. Үміт үзгім келмейді. Білесіз бе, бұл арман сияқты. Әрбір қоңырауды үміттене күтесің. Өткен жылы қазан айында маған қоңырау шалды. Басқа жігіт үшін донор табылды. Мен ол үшін қатты қуандым. Сол кезде үміт бар деп ойладым. Сену керек.
Анар Шаймергенова 33 жаста. Ол Instagram-да өз блогын жүргізеді. Бұл өмірі кері санақты бастаған адамдар үшін өзіндік жұбаныш. Анараның бүйрегі 3,5 жыл бұрын қызметін тоқтатты. Оның жағдайын қазір диализ қолдайды- арнайы аппарат аптасына 3 рет науқастың қанын шлактардан тазартады. Туыстардың ағзалары сәйкес келмеді. Қазақстанда бүйрек алмастыру операциясын жасаудың нөлдік мүмкіндігі Анарды Беларусьте өз бетінше операция жасауға алым ашуға мәжбүр етті.
Анар Шаймергенова, бүйректі ауыстырып қондыруға күту парағынан пациент:
– Әрине, көптеген идеялар бар, мен көп нәрсені істегім келеді, бірақ ағзаларың жұмыс істемейтіндіктен, қатты шаршаймын. Мен дәрі - дәрмектерді көп ішуім керек. Мені, өкінішке қарай, әлі бірде-бір рет шақырмады. Мен 2019 жылы диализде болғанымда, менімен бірге жатқан жігіт болды, ол сол жерден трансплантацияға шақырылып, барлығы сәтті өтті. Сол бүйрекпен өмір сүруде. Екі баласы бар. Біреу оған өмір сыйлады.
Қазақстанда трансплантацияны күтумен жыл сайын 300-ге жуық адам қайтыс болады. 2018 жылы күрт құлдырау болды. Сол жылдары елде трансплантологтардың айналасында бірнеше жанжал туындады. Денсаулық сақтау министрлігі міндетті келісім презумпциясын енгізуге мәжбүр болды. Егер бұрын туыстарының келісімі міндетті болмаса, қазір онсыз дәрігерлер тіпті марқұмға жақындамайды. Нәтижесі – күту парағында 3 мыңнан астам қазақстандық тұр. Ал 2021 жылы мәйіттік донордан ауыстырып салу бойынша тек 10 операция жасалды. Мұның себебі діни тұрғыда. Алайда, ресми діннің ешқайсысы трансплантацияға тыйым салмайды.
Нұрлан Қайырбеков, ҚМДБ рухани сараптама басқармасының басшысы, PhD докторы:
– Ислам шариғаты ағзаларды трансплантациялауға рұқсат етілгенін айтады, кейбір аспектілерді сақтау керек. Адамның қайтыс болғанына толық көз жеткізу керек, содан кейін ғана ағзаларды басқа адамның өмірін сақтау үшін қолдануға болады.
Дмитрий Байдек, протоиерей, Успен кафедралды соборының ключарі:
– Бұл мәселеге өмір құндылықтарына сүйене отырып қарау керек. Менің жақын адамым қайтыс болса және оны құтқару мүмкін еместігі айқын болса, әрі оның кейбір ағзалары басқа адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Бұл жерде менің жақыным басқа адамның денесінде өмірін жалғастыратынын көруіміз керек шығар. Мүмкін, онымен рухани байланыс орнайтын да шығар.
Ағзаларды транспланттауды қажет ететіндердің тізімі үнемі өсіп келеді. Қазақстандықтар көбіне бүйрекке мұқтаж. 3018 адам, оның 77-сі - балалар. Екінші орында - бауыр. 161 адам. Жүректі, мидың өлімі нәтижесінде қайтыс болған адамдардың ағзасымен ғана жасалатын операцияны 6 бала және 141 ересек күтуде. Шара толығымен автоматтандырылған, сондықтан ағзаларды сату бойынша белгілі бір «қара нарық» туралы аңыздар негізсіз.
Жақсылық Досқалиев, медицина ғылымдарының докторы, профессор:
– Донор мен оның туыстары кімге «ауыстырып қондырылатынын» мүлдем білмейді. Бұл ағзаларды трансплантациялайтын топ олардың кімге трансплантацияланатынын да білмейді. Бізде бағдарлама бар және кімге трансплантацияланатыны оған сәйкес олар анықталады. Мұнда адам факторы жоқ.
Айгүл Амантаева, хатшы:
– Денсаулық туралы жаңа кодекс бойынша енді әрбір қазақстандық өз ағзаларын алуға тыйым сала алады немесе рұқсат ете алады. «Электрондық үкімет» порталындағы қажетті бағанға қанат белгісін қойса жеткілікті. 2020 жылғы ашық дереккөздердің ақпараты бойынша, 4 мыңнан астам адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан ресми түрде бас тартқан. Шенеуніктер ресми өтінішті бір апта бұрын алғанына қарамастан, Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінде бізге жаңа деректер ұсынылған жоқ. 3 мыңнан астам адамның өміріне қауіп төніп тұрған кезде бюрократияны азайту жөн болар еді.
Авторы: Айгүл Амантаева