Бүгінде оны ауыстырып қондыруға жүзден астам қазақстандық мұқтаж. Осы тізімдегі адамдар үшін уақыт кері саналады. Дәрігерлердің айтуынша, ел тұрғындары қайтыс болғаннан кейінгі донор болудан әлі де қорқады. Сондықтан трансплантология бойынша операциялар азая түсуде, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.