2021 жылғы 3 маусымда Алматы қаласында қайтыс болғаннан кейінгі донордың ағзалары алынды. Бұл 2021 жылдағы тек бірінші жағдай.
Covid-19-ға қатысты ағымдағы жағдайға қарамастан, транспланттаушы үйлестірушілер Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде ықтимал донорларды анықтау бойынша тұрақты негізде белсенді жұмыс жүргізуде және ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр аралығында 43 ықтимал донор анықтады. Қайтыс болған ықтимал донорлардың туыстарымен әңгімелесу жағдайларының жартысынан астамында транспланттаушы үйлестірушілер Ағзалардың ықтимал реципиенттерінің тіркеліміндегі (күту парағындағы) адамдарды құтқару үшін транспланттау мақсатында ағзаларды алудың маңыздылығы туралы олардың тарапынан түсінік тапты. Өкінішке орай, осы жағдайлардың көпшілігінде қосымша зерттеп-қараудан кейін қайтыс болғаннан кейінгі донорлардың ағзалары трансплантациялауға жарамсыз болып шықты..
Бұл фактілер және, әрине, COVID-19 пандемиясы трансплантация санына теріс әсер етті. 2021 жылдың басынан бастап 4 айдың ішінде донорлық ағзалардың жетіспеушілігінен қайтыс болу себебінен күту парағы 93 адамға азайды.
Ағзаларды алып қою нәтижесінде, транспланттау орталықтарына ауыстырып салу мақсатында күту парағында тұрған Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген азаматтар үшін 4 донорлық ағза: Нұр-Сұлтан қаласына балаға ауыстырып қондыру үшін бүйрек және ересек пациентке жүрек және Алматы қаласына 2 ересек пациентке бауыр және бүйрек берілді.
Күту парағындағы пациенттерге транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейінгі донордың жақын туыстарынан оның ағзаларын алып қоюға келісім беруі жоғары гуманизм мен азаматтықтың актісі болып табылады, бұл әрқайсымызға қайтыс болғаннан кейін ағзалар донорлығына көзқарасымызды және дүниетанымымызды қайта қарауға мүмкіндік береді.
Біз қайтыс болғаннан кейінгі донордың туыстарына олардың өмірлерінің қиын кезеңінде қабылдаған, күту парағындағы отандастарымызға және олардың отбасыларына жаңа өмір сыйлауға көмектесетін шешімі үшін алғыс білдіреміз.
Қазіргі уақытта республикада 3396 адам донорлық ағзаларды ауыстырып қондыруға мұқтаж, оның ішінде 106 адам – бала жасындағы пациенттер.
Қазақстан азаматтарына ағзаларды ауыстырып қондыру ТМККК және ӘМСҚ қаражаты есебінен тегін орындалады.
ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық
медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық