Осыдан сегіз жыл бұрын Жәнібек Оспановқа жүрек трансплантациясы жасалды. Ол Қазақстанда осындай операция жасалған алғашқы пациент.

Ұзақ оңалтудан кейін ер адам өзін қоғамдық қызметке арнады — ол ағзаларды ауыстыруды қажет ететін адамдарға көмектеседі, Қазақстанда донорлық пен трансплантологияны дамыту мақсатында күшейтілген ақпараттық жұмыс жүргізуде.

«Біз донорлықтың не екенін ұмытып, оны базарға айналдырдық. Небір сауда-саттық жүріп жатыр, адамдар ағзаларды сату туралы әңгіме айтады. Біз донорлық - бұл тегін ерікті қайырымдылық екенін ұмытып кеттік. Донор болу үшін дәл қазір донорға айналудың қажеті жоқ. Жалпы, мұндай жағдай болмауы да мүмкін. Мен бәріне 100 жылға дейін өмір сүруді тілеймін. Бірақ форс-мажорлар және донордың тірі кезінде ерікті келісімін беруіне байланысты дәрігерлердің оның туыстарымен ұзақ әңнімелесуі болмайтын жағдайлар болады», — дейді ол.

Жәнібек түрлі іс-шараларға белсене қатысады. Ұлттық кеңестер, қоғамдық талқылаулар, праймериз және медиа-эфирлер ол үшін үйреншікті іске айналды. Мұның барлығы осы тақырыпқа адамдардың назарын аудару үшін ғана.

Дереккөзhttps://newtimes.kz/mneniya/123978-prevratili-donorstvo-v-bazar-kazakhstanets-s-peresazhennym-serdtsem-pomogaet-nuzhdaiushchimsia-v-transplantatsii 

 

Донорларға арналған ақпарат