БАСПАСӨЗ- ХАБАРЛАМАСЫ

2019 жылғы 30 қыркүйекте «№2 көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ КМК (бұдан әрі - №2 КОА) базасында Ақмола облысының медицина қызметкерлері үшін «Қазақстан Республикасында қайтыс болғаннан кейін ағзалық донорлықты дамыту және трансплантациялық үйлестіру мәселелері»тақырыбында оқыту семинары өткізіледі.

Аталған семинарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі "Қазақстанда донорлықты және ағзаларды трансплантаттауды дамыту. Трансплантациялық үйлестіру " білім беру жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырды.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес, ағзалық донорлық пен трансплантология бағдарламаларын дамыту үшін дамыған елдерде практикалық денсаулық сақтау мамандарын, оның ішінде менеджерлерді, анестезиолог-реаниматологтарды, неврологтарды, нейрохирургтарды, нефрологтарды, патологоанатомдарды, психологтарды, заңгерлерді және т.б. мамандарды үздіксіз оқыту кеңінен қолданылады.

Трансплантологияның мультипәндік бағыт ретіндегі ерекшелігі көптеген мамандық дәрігерлерінің, ең алдымен қарқынды терапия, неврология, нейрохирургия, трансплантология, иммунология бөлімшелерінің мамандарының, сондай-ақ параклиникалық бөлімшелер мамандарының тұтас армиясының тиімді өзара іс-қимылы мен интеграциясын талап етеді. Сонымен қатар, басқа ведомстволар мен қызметтердің мамандарымен өзара әрекеттесусіз болмайды. Осыған байланысты "реанимация бөлімшесі - транспланттау орталығы" технологиялық байланысындағы реттеуші буын ретінде трансплантациялық үйлестіру қызметіне үлкен мән беріледі.

Қазақстан Республикасында трансплантологиялық қызмет 2013 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазіргі уақытта еліміздің әрбір өңірінде ірі медициналық ұйымдардың жанынан Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың (бұдан әрі - ТЖТМҚҮРО) өкілдіктері ашылды және өңірлік және стационарлық транспланттаушы үйлестірушілер, психологтар лауазымдары енгізілді. Олардың функцияларына өңірлік деңгейде ағзалық донорлықты және транспланттауды дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру, және ең алдымен - бас миының біржола семуі расталған пациенттерді уақтылы анықтау және транспланттау орталықтарын ақпараттандыру, ағзалық донорлықты қолдау мәселелері бойынша халықпен жұмыс істеу кіреді.

Сонымен қатар, өмірлік маңызы бар ағзалардың терминалдық жеткіліксіздігі бар науқастар үшін операциялардың қолжетімділігі, ең алдымен, донорлық ағзалардың тапшылығына байланысты, сондай-ақ осы проблема туралы білімнің жеткіліксіздігі және халықтың хабардар болуының төмендігі себебінен әлі де өте төмен болып қалуда. Бұл осалдық әр түрлі болжамдармен және расталмаған қауесеттермен толтырылады, кейде отандастарымыздың арасында жеке қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдерінің популистік мәлімдемелерімен белсенді және шебер көбейтіледі.

Азаларды трансплантациялауға мұқтаждар саны бойынша Ақмола облысы салыстырмалы түрде қолайлы өңірлерге жатады және республикада 14-ші орында тұр, 2781-нің ішінде 80-і (тек 2.8% - ақмолалықтар).

Мұқтаждардың жалпы құрылымында ауыстырып қондыруды "күту парағында" 1-орынды бүйрек аурулары бар пациенттер (90.0%) алады, одан кейін бауыр аурулары бар пациенттер (7.5%) келеді және осы кезектілікті жүрек патологиясы бар науқастар (2.5%) жабады.

Трансплантациялық үйлестіру қызметі өңірде 2013 жылдан бастап дамып келеді, өткен жылы Көкшетау қаласында ТЖТМҚҮРО өкілдігі ашылды. Оның штаттары жалпы емдеу желісінің дәрігерлері: реаниматологтар, неврологтар және нейрохирургтар қатарынан қоса атқарушылармен жасақталған.

Өңірдегі "донорлық стационарлар" ретінде бекітілген медициналық ұйымдардың тізбесіне "№ 1 Көпбейінді облыстық аурухана" ШЖҚ КМК-мен қатар 2019 жылдан бастап "№ 2 көпбейінді облыстық аурухана"ШЖҚ КМК кірді. Осы "донорлық" стационар қарқынды және табысты, өсіп келе жатқан айналымдармен жұмыс істей бастады (Албаев Р.К.). Салыстыру үшін, аз уақыттың ішінде мұнда осы жылдар ішінде өңірде болған мультиағзалық алулардың жалпы санының 57.1% жасалды.

Ағзалық донорлық бағдарламасының дамуына Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы (Әбішев Б.К.) қосуда. Кеңес барысында сөз қозғалатын және талқыланатын трансплантология және трансплантациялық үйлестіру проблемалары медициналық жұртшылықты және бүкіл солтүстік өңір тұрғындарын айналып өтпеді. Оларды шешу - уақыт мәселесі және бұл үшін облыста әлеует (материалдық-техникалық база, кадрлық ресурс) бар.

Өз кезегінде, ТЖТМҚҮРО мамандары еліміздің басқа өңірлерінде донорлық бағдарламаларды іске асыру және трансплантациялау саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөліседі, мидың өлімін растау және ағзалар протекциясы бойынша оқыту тренингін өткізеді.

Ағзалық донорлықты қолдау мәселелері қозғалады. Бұл ретте БАҚ-тың (баспасөз, TV, радио) халық арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізудегі, отандық трансплантологияның жағымды материалы мен табыстарын, қайтыс болғаннан кейінгі ағзалық донорлық жағдайларын объективті жария етудегі, маңызды рөлі әрқашан атап өтіледі. Мұндай азаматтық мейірімділік пен адамгершілік, өздеріне мүлдем таныс емес адамдарды өлімнен құтқару барлық құрмет пен сыйлауға лайық. Ерлік кездейсоқ емес. Бұл адамдар біздің жанымызда өмір сүреді!

Трансплантология проблемалары-бұл тек медицина қызметкерлерінің проблемалары емес, бұл жалпы қоғамның проблемасы және оны бүкіл әлем шешуі керек.

Бүгінгі таңда трансплантацияның арқасында көптеген отбасылардағы қайғылы жағдайлардың алдын алуға және үмітсіз адамдарға бақытты өмір сыйлауға болады! Белгілі бір ағзаларды ауыстырып қондыруды қажет ететін жүздеген адамдар – бұл статистика, бірақ олардың әрқайсысы, жеке-жеке - біреудің әкесі, ағасы және ұлы…

ТЖТМҚҮРО баспасөз қызметі

Донорларға арналған ақпарат