KZ
"Донор деген батыр!» тақырыбындағы балалар суретінің байқауы аяқталды. 31 мамырда байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Оған Қазақстан Халық партиясының белсендісі Найля Аппасова қатысты. Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы ҚХП-ның қолдауымен ұйымдастырды. Байқау үш жас номинациясынан тұрды. Оған 3 жастан 5 жасқа дейінгі, 6 жастан 8 жасқа дейінгі және 9 жастан 12 жасқа дейінгі 20 үміткер қатысты. Қатысушылардың жұмыстары Орталықтың Instagram аккаунтында жарияланды, онда жеңімпаздар көпшілік дауыспен анықталды. Олар Кәрімжан Әлихан (3-5 жас номинациясында), Сәдуақасов Хасан (6-8 жас) және Кәрімжан Айша (9-12 жас) болды. Жас суретшілерге арнайы дипломдар мен сыйлықтар берілді. Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз: @halyk_partiyasy

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау