KZ

Қазақстанда донорлық ағзаны ауыстырып қондыру кезегінде 3 440 адам тұр, оның 108 - балалар.

Елімізде трансплантаттау операцияларын жүргізу үшін қандай жағдайлар жасалған?

2020 жылғы 7 шілдеде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі қабылданды. Құжатта отандық трансплантологияны одан әрі дамытудың басым бағыттары белгіленген.

Транспланттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталық құрылды. Ақпараттық жүйе жұмыс істейді, реципиенттер мен донорлардың тізілімі бар. Донорлық ағзаларды бөлудің бірыңғай жүйесі жұмыс істейді.

Алайда донорлық ағзалардың тапшылығы мәселесін атап өту керек. Ағзаларды ауыстырып қондыруды күтетін адамдарға қалай көмектесуге болады, өмір сүруге қалай мүмкіндік беруге болады?

 

Дереккөз:https://www.youtube.com/watch?v=Gh2JOvAZwvw&t=0s 

2020. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Нұр-Сұлтанда сайттар жасау және қолдау