KZ
Облыс халқына медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 26 маусымда Ақтөбе медициналық орталығының базасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының директоры Сәуле Талғатқызы Шайсұлтанованың қатысуымен "Ақтөбе облысында қайтыс болғаннан кейінгі ағзалық донорлықты дамыту мәселесі" тақырыбында кеңес өткізілді. Кеңеске Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р. Исаев, медициналық ұйымдардың басшылары, басқарманың бейінді бас мамандары және транспланттау мәселелеріне жауапты қызметкерлер қатысты. Талқылау барысында донорлық пен ағзаларды трансплантаттаудың нормативтік-құқықтық аспектілері, мидың біржола семуін растау, Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықты танымал ету, Ақтөбе облысындағы ағзалық донорлықтың даму жағдайы мәселелері қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша өңірдегі ағзалық донорлық қызметінің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау