KZ

2022 жылғы 7 маусымда Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық (бұдан әрі-ТЖТМҚҮРО) ТЖТМҚҮРО директорының 2022 жылғы 11 мамырдағы №22/20-н/қ бұйрығын орындау мақсатында қайтыс болғаннан кейін донорлыққа тірі кезінде ерік білдіруді тіркеу рәсімін түсіндіру мәселелері бойынша стационарлық және өңірлік транспланттаушы үйлестірушілер үшін онлайн форматта оқыту семинарын өткізді.

Онлайн семинардың спикері Ақтөбе облысының өңірлік трансплантациялық үйлестірушісі В. С. Арыстанова болды. Семинарда келесі мәселелер талқыланды:

  1. 1. Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидалары
  2. 2. Қайтыс болғаннан кейін ағзаларын (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіндердің бөлігін) транспланттау мақсатында алудан бас тарту немесе келісім туралы адамның ерік білдіруін тіркеу
  3. 3. «Транспланттау мақсатында ағзаларды (ағзаның бір бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) қайтыс болғаннан кейін донорлыққа тірі кезінде бас тартуды немесе келісімді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
  4. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
  5. Онлайн семинарға Қазақстан Республикасы бойынша республикалық, өңірлік және стационарлық транспланттаушы үйлестірушілер қатысты

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау