KZ

Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың басшылығы ағзалық донорлықты дамыту жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысына белсенді қатысуды жоғары бағалайды және Бауыржан Абдуалиевті алғыс хатпен марапаттады.

Адам өмірі тұрғысынан ағзаларды ауыстырып қондыру үлкен маңызға ие, себебі бұл әдіске балама жоқ. Егер мұндай балама болса, онда ағзаларды ауыстырып салудың қажеті болмас еді.

Ағзаларды ауыстырып қондыру салыстырмалы түрде жаңа және баламасы жоқ әдіс болғандықтан, кейбір әлімдер бұған теріс көзқараспен қарайды, алайда қазіргі Ислам ұйымдары мен институттары белгілі бір шарттарды ескере отырып, ағзаларды трансплантациялауға рұқсат етіледі деп санайды.

Мысалы, Әл-Азхар университетінің пәтуа комиссиясы, Ислам конференциясы ұйымының жанындағы фиқһ академиясы, Кувейттің Дін істері министрлігі бұл туралы пәтуалар шығарды, оларда былай делінген:

Ағзаларды транспланттау тірі адамнан да, өлі адамнан да рұқсат етіледі. Қайтыс болған адамнан ағзаларды трансплантациялауға рұқсат берілу үшін келесі шарттарсақталуы қажет:

  • Тәжірибелі дәрігерлер ағзаларды ауыстырып қондыру науқас үшін сауығудың жалғыз жолы деген шешім қабылдауы керек.
  • Дәрігерлер ағзаларды трансплантациялау науқас адамға көмектесетініне сенімді болуы керек.
  • Қайтыс болған адам тірі кезінде өлгеннен кейін оның ағзаларын трансплантациялауға рұқсат ететін еркін қалдыруы керек.
  • Ағзалардың доноры медицина тұрғысынан да, дін тұрғысынан да өлі деп танылуы керек.
  • Донорлық ағзаларды сатуға немесе оларды ештеңеге айырбастауға болмайды.
  • Қайтыс болған адамның ағзалары ауыстырып қондырылатын адам өзінің келісімі туралы мәлімдеуі керек.

Жаратқан «… бір адамның өмірін құтқарған бүкіл адамзаттың өмірін құтқарғанмен тең» дейді. 

 

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау