
18
Ақп 2025
19 қаңтар 2025 жылы орталық донорлық процесс өтті
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК 19.01.2025 жылы «Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ «Алматы облысының көпбейінді клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында 1979 ж.т. ықтимал донор Е. анықталғанын хабарлайды. Мамандар консилиум өткізіп, мидың өлімін растады, туыстарымен әңгімелесу жүргізілді және ағзаларды алуға келісім алынды. Орталық донорлық процесті ұйымдастырды, оның аясында екі бүйрек, жүрек, өкпе алынды. Сондай-ақ, 2020 жылдан бері алғаш рет мөлдір қабықты алу жүргізілді. Ағзалар одан әрі тексеру және реципиенттерге трансплантаттау үшін транспланттау орталықтарына жеткізілді: -бүйрек – Жетісу облысынан 2008 ж.т. пациент И.-ге ауыстырып салынды, «Сызғанов ат. ҰҒХО» АҚ; -бүйрек – Астана қ. 2007 ж.т. пациент К.-ге ауыстырып салынды, «UMC» КҚ; -жүрек – 1981 ж.т. пациент А.-ға ауыстырып салынды, «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ; -өкпе – Қостанай облысынан 1982 ж.т. пациент Е.-ге трансплантатталды, «UMC» КҚ; -2 мөлдір қабық – кератопластика 21.01.2025 ж. жоспарланған, реципиенттерді зерттеп-қарау жүргізілуде....
Толығырақ
18
Ақп 2025
2025 жылғы 3 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында мультиағзалық алу жүзеге асырылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Транспланттауды жәнежоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалықорталық" ШЖҚ РМК 2025 жылғы 2-3 ақпанда донорлық процесс жүргізілгенінхабарлайды. 2025 жылғы 3 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының "Көпбейіндіқалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" ШЖҚ КМК базасында "UMC" КҚ, "ҰҒОО" ЖШС мамандарының қатысуымен 1962 ж.т. қайтыс болғаннан кейінгі донор М.-нан мультиағзалық алу жүзеге асырылды. Операция нәтижесінде: * Алматы қ., 1971 ж.т. реципиент Т.-ға жүрек; * Астана қ., 1981 ж.т. реципиент Ш.-ға бауыр; * Павлодар облысы, Екібастұз қ., 1985 ж.т. реципиент Б.-ға бүйректрансплантатталды. Қазіргі уақытта реципиенттердің жағдайы өткен операциялар процесіне сәйкес келеді...
Толығырақ
09
Ақп 2025
«Ашық алаң». Тегін медициналық көмек
сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=hz3qKN_I26s...
Толығырақ
27
Желт 2024
Елдегі өмір сүру ұзақтығы орташа индекспен 75 жасқа ұзарды
Елдегі өмір сүру ұзақтығы орташа индекспен 75 жасқа ұзарды Елімізде жыл басынан бері жүздеген науқасқа ағза трансплантацияланып, мәйіттік донорға қоғам көзқарасы оңалып келеді. Ал онкологиямен ауыратындар енді шет ел аспай, өзімізде тегін емделе алады. Сондай-ақ Ана мен бала өмірін сақтау көрсеткіштері жақсарды. Отандық медицина саласының өзге де жетістіктері туралы тілшіміздің жыл қорытындысында. Инсульттен өмірден озған ақмолалық 44 жастағы әйелдің ағзалары, жақындарының рұқсатымен донорлыққа берілді. Бүйрегі 15 жастағы қыз балаға трансплантацияланды. Анасының айтуынша, баласының 3 айлығынан бастап бүйрегінде кінәрат бар. Өзі өмірден өтсе де, өзгеге өмір сыйлаған жанға алғыстан басқа айтарымыз жоқ дейді. Гүлжан Толыбаева, реципиенттің анасы: Менің қызымды таңдағанда қатты қуанып, жылап, өз-өзімді ұстай алмай, сондай қатты қуандық. Сене алмадық. Өзім eGov сайтына кіріп келісімімді бердім және туыстарыма, айналамдағы кісілерге насихаттап жүремін. Себебі біз сияқты науқас балалар өте көп. Қазір, мәйіттік донор болуға келісетіндер көбейген. eGov порталында олардың саны 3,5 есеге артыпты. Бұл - ағарту жұмыстарының оң нәтижесі дейді-мамандар. Мәселен, былтыр тек 3-4 ота жасалса, биыл 10 мәйіттік донор табылған. Сондай-ақ биыл алғаш рет 1 жасқа дейінгі балаларға донорлық бауыр алмастырылды. Ота күрделі болғанымен сәтті шықты. Назгүл Жылгелдина, транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық директорының орынбасары: Осы жылы 10 мәйіттік донор болды. Бірақ жеті адам актуалды донор болды. Ал 3 донордың медициналық көрсеткіштері қарсы келіп, ота жасалмай қалды. Айта кету керек, қазір қоғамның мәйіттік донорға көзқарасы жоғарылап келе жатыр. Бізде 3,5 есе eGov порталында донор болуға келісім берушілер көбейді. Ал қатерлі ісікке шалдыққан науқастар шегара аспай, енді елде емделе алады. Астанада ядролық медициналық орталық ашылды. Бұл - пациенттерді көп күттірмей, дер кезінде емді бастауына мүмкіндік бермек. Индира Тілеулесова, Ұлттық ғылыми онкология орталығы радиациялық онкология және ядролық медицинаны енгізу бөлімінің жетекшісі: Ядролық медицинаның игіліктері медицинадағы үлкен жетістіктердің бірі. Бірден бірнеше емдік және диагностикалық тәсілдерді біріктіреді. Радиоактивті фармацевтикалық препараттарды қолдану, қашықтықтан сәулелік терапия және жылдан жылға жетіліп келеді. Онкологиямен ауыратын 31 мың науқас Семейдегі жалғыз ядролық медицииналық орталыққа баратын. Кезекті те ұзақ күтетін. Енді Астанада ем-дом ала алады. Елімізде ана мен бала өміріне де, ерекше көңіл бөлініп келеді. Биыл «Аңсаған сәби» бойынша он мың әйел ана атанды. Сондай-ақ алғаш рет ана құрсағындағы шаранаға операция жасалды. Жүкті әйелдердің босанғанға дейінгі тексерісі жетілдіріліп, қауіптің алдын алу шаралары ширады. Нәтижесінде, жаңа туған аналардың өлімі 15%-ға, сәбилердің шетінеуі 2%-ға азайды. Майра Бейсен, ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің бөлім басшысы: Орталық азия мемлекеттірінің ішінде Қазақстан ашық жүрек операцияларын жаңа туған нәрестелерге жасайтын бірден бір ел. 1 жасқа дейінгі балаларға 75 пайыз ашық жүрек операциялары жасалынады. Босандыру ұйымдары жанында жаңа туылған нәрестелердің ауруын дер кезінде анықтап оларға тереңдетілген көмекті беруге мүмкіндік бар. Динара Жарқынбек, тілші: Ал елдегі өмір сүру ұзақтығы орташа индекспен 75 жасқа ұзарды. Ресми дерекке жүгінсек, бұл соңғы 25 жылдағы рекордтық көрсеткіш. 251 медициналық мекеме пайдалануға берілді. Жаңа нысандар шалғай аймақтарда бой көтеріп, 1 мыңнан астам дәрігер жұмыспен қамтылды. Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін 80 млн тг бөлініп, 30-ға жуық маман шет елде тәжірибесін шыңдап келді. Ұлт саулығы үшін отандық медицинаны жаңғырту жалғаса бермек. Автор: Динара Жарқынбек Ақпаратқа сілтеме: https://qazaqstan.tv/news/204401/...
Толығырақ
10
Желт 2024
Қазақстанда мәйіт донорлығын дамыту ісі баяу жүріп жатыр. BAQ.KZ
Қазақстанда донорға мұқтаж адамдар саны жыл сайын артып келеді. Биыл 4.21 пайызға өсіп, 4081 науқасты құрады. Оның ішінде 3983 ересек, 98 бала кезекте тұр. Өз кезегіне жетпей, ерте көз жұматындар да бар. Орта есеппен жыл сайын әртүрлі себептерге байланысты 300-ге жуық реципиент күту парағынан шығарылады. Былтырғы көрсеткішке сәйкес, өлім себебінен 267 адам күту парағынан алынған. ...
Толығырақ
02
Желт 2024
"Ұлт саулығы" хабары 27.11.2024ж.
"Ұлт саулығы" хабары 27.11.2024ж. https://youtu.be/L-4sy-MoocY?si=925f-O8Mq0adYwSq сілтеме:https://qyzylordatv.kz/ru/...
Толығырақ