KZ
07.02.2023 жылы Туркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасында донорлық пен трансплантацияны дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті Қатысушылар: С.Шайсұлтанова ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - ТЖТМҚҮРО) директоры, Р.Тасырбаев ТО ҚДБ басшысының орынбасары, Ж.Ділдабеков ТО ҚДБ бас трансплантологы, А.Сандыбаев ТЖТМҚҮРО ТО бойынша өңірлік үйлестірушісі, стационарлық үйлестірушілер, ТО ҚДБ бас мамандары, БМСК мекемелерінің жауапты қызметкерлері. Күн тәртібі 1. Түркістан облысы бойынша қайтыс болғаннан кейінгі ағзалық донорлықты дамыту мәселелері (С.Шайсұлтанова ТЖТМҚҮРО директоры). 2. Донорлық пен ағзаларды транспланттаудың нормативтік-құқықтық аспектілері (С.Шайсұлтанова ТЖТМҚҮРО директоры). 3. Мидың біржола семуін растау қағидалары. Ағзалық донорлықтың әлеуеті. (С.Шайсұлтанова ТЖТМҚҮРО директоры). 4. Түркістан облысы бойынша ағзалық донорлықтың даму жағдайы туралы. (Ж.Ділдабеков ТО ҚДБ бас трансплантологы). 5. Ықтимал реципиенттердің тіркеліміне («Күту парағы») еңгізудің кейбір мәселелері (А.Сандыбаев ТЖТМҚҮРО ТО бойынша өңірлік үйлестірушісі). Хаттамалық шешім: ҚР-да трансплантология мен ағзалық донорлықты дамытудың 2023 жылға арналған жол картасының тапсырмаларын орындау.

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау