KZ

Баспасөз релиздері

Сообщаем, что с 18 марта по 19 апреля 2024 года в предприятии согласно карты проектов "Реализация типового базового направления №4"будет проведен внутренний анализ коррупционных рисков за 2024 год.
2023 жылдың 30 қыркүйегінде Астана қаласында Еуропалық ағза донорының және трансплантация күніне орай, Ағза доноры күні аясында, ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы, Алматы ауданының әкімдігі және трансплантацияланған науқастардың «Өмір тынысы» қоғамдық ұйымымен бірлесіп «Өмір аллеясы» алаңына көшет отырғызу шарасын ұйымдастырады.
Іс-шараның мақсаты – барлық донорларға, өмірді жалғастыру сыйын риясыз берген адамдардың батылдығы мен мейірімділігіне алғыс білдіру.
ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық директоры Сауле Шәйсұлтанова бір күн бұрын жүрек пен бүйректі трансплантациялау бойынша кезекті ота жасау сәтті жасалғанын атап өтті. Жаңа реципиенттерге денсаулық тілей отырып, «Өмір аллеясына» көшет отырғызу акциясы дәстүрге айналып, қоршаған ортаның әл-ауқатын арттыруға септігін тигізетініне сенім білдірді.
«Ағзалардың донорлығы күні Еуропалық орган донорлығы және трансплантация күніне орайластырылды және алғаш рет өткізіліп отыр. Бүгінгі күні Қазақстанда мұндай күн күнтізбеде жоқ, соның ресми түрде қосылғанын қалаймын. Біз мұндай күнді еліміздегі донорлық пен трансплантацияны дамыту жөніндегі ақпараттық жұмыстарға арнауға болар еді. Осындай шараларды жыл сайын өткізу жоспарда бар», - дейді «Өмір тынысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жәнібек Успанов.
Сандуғаш Оранбаева, «Өмір сыйы» трансплантацияланған науқастар қоғамының президенті, жергілікті әкімшілікке, ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығына трансплантациядан кейінгі науқастарға қолдау көрсеткені үшін және қоғамда донорлыққа және трансплантацияға деген қалыпты көз қарасты қалыптастыруға белсенді көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың органдарды трансплантациялау секторының жетекшісі Мэлс Асықбаев өткен шараның трансплантологияның дамуына септігін тигізетінін атап өтіп, ұйымдастырушыларға, жергілікті билік органдарына және әріптестеріне оны жүзеге асыруға атсалысқан көмектері үшін алғысын білдірді.
ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың баспасөз қызметі
2023 жылдың 8 қыркүйегінде Алматыда академик Мұхтар Әлиевтің 90 жылдығына және оның Қазақстан хирургиясының дамуына қосқан үлесіне арналған Қазақстан хирургтарының VIII конгресі өз жұмысын бастады.

АСТАНАДА «ОРТА АЗИЯЛЫҚ ОНКОЛОГИЯ АПТАЛЫҒЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ 2023 жылдың 6 қыркүйегінде Астанада «Орта-Азиялық онкология апталығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысы басталды.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

10 марта 2022 года в рамках ежегодного мероприятия «Всемирный День Почки» Республиканское общественное объединение «Саморегулируемая организация нефрологов, врачей диализа и трансплантологов» провело круглый стол по вопросам организации и улучшения нефрологической помощи населению РК.

Пресс-релиз

 

2021 жылдың 19 қарашасында денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі - ДСБ), ӘМСҚ, РЭДСО қызметкерлерінің, облыстың медициналық ұйымдары басшыларының, ДСБ штаттан тыс бас мамандарының және Ақтөбе облысы бойынша ТЖТМҚҮРО өңірлік транспланттаушы үйлестірушісінің қатысуымен Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының өңірлік кеңесі өтті.

12.11.2021 Ж. «Қазақстан Республикасында және Батыс Қазақстан облысында қайтыс болғаннан кейінгі ағзалық донорлықты дамытудың проблемалық мәселелері» атты өңірлік кеңес бағдарламасы.

03.11.2021 Ж. «Қазақстан Республикасында және Маңғыстау облысында қайтыс болғаннан кейінгі ағзалық донорлықты дамытудың проблемалық мәселелері» атты өңірлік кеңес бағдарламасы.

 

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау