АСТАНАДА «ОРТА АЗИЯЛЫҚ ОНКОЛОГИЯ АПТАЛЫҒЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ 2023 жылдың 6 қыркүйегінде Астанада «Орта-Азиялық онкология апталығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысы басталды. Конференция барысында Орталық Азияның, жақын және алыс шетелдердің жетекші сарапшыларымен хирургияның өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, симпозиумдар өткізу, онкологтардың халықаралық тәжірибесін қазақстандық тәжірибеге кеңінен енгізуге бағытталған презентациялармен танысу және талқылау жоспарлануда. Шараға Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, АҚШ және Оңтүстік Кореядан спикерлер қатысуда. Пленарлық отырыста ҚР ДСМ Трансплантология және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығының директоры Сәуле Шайсұлтанова онкологиядағы трансплантация мәселесі бойынша баяндама жасап, тыңдаушыларды бүгінгі күннің өзекті мәселелері бойынша, Қазақстандағы трансплантациялық қызметтің ағымдағы жағдайы және гепатоцеллюлярлық қатерлі ісік, колоректальды қатерлі ісік метастаздары үшін бауыр трансплантациясы және нейроэндокриндік ісіктерге бауыр трансплантациясы сияқты онкологиялық аурулар кезінде донорлық органдарды трансплантациялауды жүзеге асыру туралы ақпаратпен таныстырды. Сәуле Шайсұлтанова трансплантацияланған науқастарда онкологиялық аурулардың даму осалдығына тоқталды және практикалық ұсыныс ретінде трансплантация және онкологиялық қызметтер арасындағы ынтымақтастықты, оның ішінде онкологиялық ауруларды анықтау үшін донорлық органдарды трансплантациялаудан өткен адамдар арасында бірлескен зерттеулер жүргізуді және трансплантацияланған науқастарда онкологиялық қауіптерді тиімдірек бақылау алгоритмін жасауды ұсынды. Жалпы алғанда, ҚР ДСМ Трансплантология және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығы мен Ұлттық онкологиялық ғылыми орталық арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде және екі денсаулық сақтау құрылымы жүйелі түрде халықтың денсаулығын сақтау мақсатына бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады. Атап айтқанда, 2023 жылдың 7 қазанында Еуропалық органдар донорлығы және трансплантация күні аясында ҚР ДСМ Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығы және Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық «Донорлық және трансплантация» тақырыбында ашық есік күнін ұйымдастырады. Осы шара аясында Ұлттық онкологиялық ғылыми орталық мамандары, оның ішінде кардиохирург, нефролог, гепатолог дәрігерлер халыққа тегін профилактикалық тексеруден өту қызметін ұсынады, ал ҚР ДСМ Трансплантология және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығының мамандары серіктес ұйымдармен бірлесіп, Күту парақшасына тіркелу, өсиет қалдыру бойынша, сондай-ақ трансплантациядан кейінгі өмірлік мәселелер бойынша кеңес береді. ТЖТМҚҮРО Баспасөз қызметі
Донорларға арналған ақпарат