RU

Ақтөбеде бүйрек трансплантациясы жасалды. Інісі туған әпкесіне донор болып бір бүйрегін беруге келіскен. Ақтөбе медицина орталығында өткен күрделі ота сәтті аяқталды. Бұл биылдыққа жасалған алғашқы операция. Операция медицина ғылымының профессоры, академик Жақсылық Досқалиевтің қатысуымен өтті. Операция үстелінде жатқандар 44 және 41 жастағы бауырлар. Атыраулық науқас ұзақ жылдан бері ауырып, дертіне дауа таппаған. Бүйрегін алмастырса ғана жағдайы жақсаратынын естіген інісі өз бөтекесін беруге бірден келісіпті. Хирургтер інісінің бір бүйрегін апасына сәтті орналастырды. Бұл биылдыққа жасалған алғашқы ота. Өйткені жыл басынан бері атышулы індеттің кесірінен жоспарлы операциялардың барлығы кейінге шегірілген еді. Жылына 250 ағза алмастыру операциясы жасалып келген болса, Биыл оның саны 80 ғана. Академик Ақтөбе өңірінің медицинасына, жалпы ақхалаттылар ұжымына жоғары баға берді. Ота жасаудағы басты кедергіні атап өтті. Бұл донор тапшылығы. Сондықтан мәйіт донорлығына түсіністікпен қарап, дамыту қажет дейді тәжірибелі дәрігер. Айта кеткен жөн биыл мәйіттік донор арқылы елде екі ота жасалды.


https://aktobetv.kz/kz/news/society/buirek-almastyru-operaciyasy-setti-otti 

2023. Все права защищены

© Разработано в ABC DESIGN - создание сайтов в Астане