RU

Опрос населения по вопросам органного донорства в Республике Казахстан

Подробнее

Об акте социальной ответственности!

Подробнее

Врач - трансплантационный координатор в Казахстане

Подробнее

Основная информация об организации

Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр по координации трансплантации и высокотехнологичных медицинских услуг» МЗ РК (далее - РЦКТВМУ) создано для реализации функций по содействию развития службы трансплантации на территории Республики Казахстан. Основной деятельностью Предприятия является координация службы трансплантации на территории Республики Казахстан.           

Целью деятельности РЦКТВМУ является создание эффективной национальной системы органного донорства и развитие науки трансплантологии в Республике Казахстан. 

Координация службы трансплантации осуществляется в круглосуточном режиме РЦКТВМУ. Для обеспечения координации службы трансплантации созданы представительства в областных центрах, городах республиканского значения Астана, Алматы и Шымкент.

Последние новости

Донорский процесс в г. Павлодар

8 марта, не смотря на праздничный день, в Республиканском центре координации и трансплантации был организован донорский процесс. ...
11.03.2024
Подробнее

Народная рубрика: «Елге қызмет» Донорство органов: за и против

Народная рубрика: «Елге қызмет» Донорство органов: за и против 27.02.24 ...
04.03.2024
Подробнее

ДОНОРСТВО – КАК СПАСЕНИЕ ЖИЗНИ

ДОНОРСТВО – КАК СПАСЕНИЕ ЖИЗНИ https://aqjaiyqtv.kz/kz ...
22.02.2024
Подробнее

Посмертное донорство в РК | Фокус Внимания

Посмертное донорство в РК | Фокус Внимания| 18.01.24 ...
20.02.2024
Подробнее

Состояние волеизъявлений на портале e-gov

Состояние волеизъявлений на портале e-gov Подробнее... ...
09.02.2024
Подробнее

Ни министр, ни муфтий не против: почему в Казахстане донорство трупов находится в сложной ситуации? Когда будет изменено законодательство, неизвестно

В Казахстане растет число людей, нуждающихся в донорстве органов. Теперь пациенты вынуждены покупать человеческие органы в зарубежных странах. Эксперты утверждают, что существующий новый кодекс не позволяет усложнить ситуацию. ...
24.01.2024
Подробнее

Наши партнеры

Жалпы, ағза трансплантациясы тұтас Қазақстанда тоқырап тұр десек, артық айтқандық емес. Республика бойынша 3 мыңнан астам адам жаңа ағзаға мұқтаж болса, оның 345-і – біздің облыс тұрғындары. Күту парағын толтырып жатқандар көп, ағза беремін деуші донорлар жоқ. Тұралап қалған мәселенің шешімі болады деген мәйіттік трансплантацияға халық үрке қарайды. Сонда қайтпек керек?

Бүйрекке мұқтаждар көп

Облыс бойынша күту парағында тұрған 345 адамның сегізіне – жүрек, төртеуіне – бауыр қажет болса, басым бөлігі – 333 адам бүйрек ауыс тыруға мұқтаж. Оның ішінде, бүйрек донорын іздейтін алты бала да бар. Олардың әрқайсы жай ғана науқас емес, біреудің – баласы, ағасы, біреудің – әкесі, анасы. Бүйрегі істен шыққандар донор табылғанша гемодиализбен өмір сүруге мәжбүр. «Diaverum» гемодиализ орталығы – облыстағы осы бағытта көмек көрсететін ірі медициналық мекеме. Оның Майқұдықтағы бөлімшесінің өзінде 250 адам есепте. Олар аптасына үш рет келіп, төрт сағаттан аппаратта жатады. Гемодиализ бен үздіксіз ішетін дәрілер ғана олардың жанын сақтап тұр. – Біздің орталыққа келетіндердің жас ерекшеліктері әртүрлі. Жасөспірімдерден бастап, 80-дегі қарияға дейін келеді. Олардың ішінде отбасын құрмаған жастар көп. Қан диа[1]беті, жоғары қан қысымы, қосымша созылмалы аурулары бар адамдар, тұқымқуалаушылық арқылы берілген бүйрек жетіспеушілігі осындай жағдайға алып келуі мүмкін, – дейді «Diaverum» клиникасының бөлімше меңгерушісі Айнұр Абдрахманова. Ағзадан үміт етіп, аппаратқа таңылғаннан кейін қалыпты өмір сүру мүмкін емес. Емдік шараның өзі адамды әлсіретіп жібереді. Гемодиализде кімнің қанша ғұмыры қалғанын Жаратқаннан басқа ешкім білмейді, әрине. Бірақ, дәрігерлер күту парағында тұрған 60-тан астам адамның өмірі үзілгенін айтады.

«Үмітіміз сөніп барады»

8 жылдан бері гемодиализдегі Ермектің анасы Бикен Нұрәділқызы донордан үмітіміз үзіліп барады дейді.

– Медициналық колледжді бітіріп, жұмыс істеп жүрген 23 жастағы ұлым аяқ асты ауырып, бүйрегі істемей қалды. Қан қысымы жоғарылап кеткен. Менің бүйрегім сәйкес келмейді деді, ағасының бүйрегімен 30%-ға ғана сәйкестік бар. Әкесі болса, баламның 3 жасында қайтыс болып кеткен. Бар тілегім – мәйіттік донор табылса. Баламның жағдайына қарап жүрегім ауырады. Мен жылатпайын деп өзі де айта қоймайды. Дегенмен, оның қалай қиналатынын, өзін кем санайтынын сеземін. «Бұл неге менің басыма келді?» дейді. Шынымды айтсам, мұндай болатынын мен де білген жоқпын. Менің отбасым осындай жағдайға душар болады деген ой үш ұйықтасам, түсіме кірген емес. Бірақ, басқа түскеннен кейін көндім. Алғашқыда барлық құжаттарын жинап, барлық емханаға, тіпті, министрлікке де апардым. Қазір мәйіттік донордан басқа шешімі жоқ екенін білемін, – деген ол халықтан, донорлық мәселесіне тереңірек үңіліп, шешім қабылдаса екен деген тілегін жеткізді. Ал, мәйіттік донорлық Қазақстанда таралмаған. Тіпті, ол туралы естімегендер де бар.

Мәйіттік донациядан неге қорқады?

– Қазір әлемнің көптеген елдері, тіпті, ислам мемлекеттері мәйіттік донацияны насихаттап, соны қолданады. Неліктен? Біріншіден, туыстық ағза сәйкес келмеуі мүмкін. Ол сәйкес келіп, сәтімен салынса да уақыт өте келе жарамай қалады. Оның үстіне, біздің экологиямен, өмір салтымызбен бір бүйрекпен қалған туысы да осылай ауырып қалуы ғажап емес. Ал, адам комаға түскенде миы өліп қалса да, басқа ағзалары жұмыс істеп тұрады, – дейді облыс бойынша гемодиализ және трансплантология бойынша бас маманы Салтанат Сариева. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының кез келген азаматы тұрғылықты емханаға барып қайтыс болғаннан кейін ағзаларын және тіндерін алудан бас тарта немесе келісімін бере алады. Мұны емханаға барып та, электрондық үкімет порталы арқылы да істеуге болады. Бұл әр адамның өз таңдауы. Көпшіліктің егер ол адам көзі тірісінде донорлықтан бас тартпаса, автоматты түрде донор болып есептеліп кетеді деуі – қате. Бұл ретте шешім қабылдау туыстарының еншісіне беріледі. Ал, ондай сәтте туыстары бас тартады. Мамандар келісімсіз ешкім де ешкімнің ағзасын ала алмайтынын айтады.

– Мәселе, неге келісім бермейтінінде. Мәйіттік донацияға ешбір дін тыйым салған жоқ. Ол адам бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады. Бас тартудың негізгі себебі – менталитетте. Халық бұған дайын емес. Тіпті, жабайы сияқты көрінеді. Мен өзім 2018 жылы-ақ ағзаларымды алуға келісім беріп қойдым, – дейді Салтанат Сабырқызы.

Маман Қазақстанда трансплантация заң шеңберінде жасалатынын жеткізді. Қазір тіпті, этикалық комиссия құрылыпты. Яғни, донор мен ағзаға мұқтаж адамның жайы жіті тексеріледі. – Тағы бір қолбайлау болып отырғаны, заң бойынша генетикалық туыстығы бар адамдар ғана донор бола алады. Ал, жұбайы немесе зайыбы ағзасын бере алмайды. Жақында осындай бір отбасы келді, әйелі күйеуіне ағзасын бергісі келеді. Бірақ, оған рұқсат берілмеді. Бұл мәселенің де заңдық негізде шешім тапқанын қалаймыз, – дейді С.Сариева. 2012 жылға дейін Қарағанды облысынан 84 адамға ағза алмастыру отасы жасалыпты. Одан бері бірде-бір мәйіттік донорлық жасалмаған. Жылына жасалатын бірді-екілі отаға туыстар донор болады екен.

Дереккөз https://ortalyq.kz/ara-andyda-donor-at/  

2023. Все права защищены

© Разработано в ABC DESIGN - создание сайтов в Астане