RU

Опрос населения по вопросам органного донорства в Республике Казахстан

Подробнее

Об акте социальной ответственности!

Подробнее

Врач - трансплантационный координатор в Казахстане

Подробнее

Основная информация об организации

Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр по координации трансплантации и высокотехнологичных медицинских услуг» МЗ РК (далее - РЦКТВМУ) создано для реализации функций по содействию развития службы трансплантации на территории Республики Казахстан. Основной деятельностью Предприятия является координация службы трансплантации на территории Республики Казахстан.           

Целью деятельности РЦКТВМУ является создание эффективной национальной системы органного донорства и развитие науки трансплантологии в Республике Казахстан. 

Координация службы трансплантации осуществляется в круглосуточном режиме РЦКТВМУ. Для обеспечения координации службы трансплантации созданы представительства в областных центрах, городах республиканского значения Астана, Алматы и Шымкент.

Последние новости

Анонс о проведении публичного обсуждения по результатам ВАКР

Сообщаем, что 12 апреля 2024 года в предприятии согласно карты проектов "Реализация типового базового направления №4" будет проведено публичное обсуждение внутреннего анализа коррупционных рисков за 2024 год по адресу: г.Астана,...
08.04.2024
Подробнее

Обращение Главы государства

Нынешняя весна оказалась очень сложной для десятков регионов Казахстана. Паводки затронули 10 областей нашей страны. ...
08.04.2024
Подробнее

Посмертное донорство спасет жизни людей

Посмертное донорство спасет жизни людей SARYARQA.TV ...
29.03.2024
Подробнее

Донорский процесс в г. Павлодар

8 марта, не смотря на праздничный день, в Республиканском центре координации и трансплантации был организован донорский процесс. ...
11.03.2024
Подробнее

Народная рубрика: «Елге қызмет» Донорство органов: за и против

Народная рубрика: «Елге қызмет» Донорство органов: за и против 27.02.24 ...
04.03.2024
Подробнее

ДОНОРСТВО – КАК СПАСЕНИЕ ЖИЗНИ

ДОНОРСТВО – КАК СПАСЕНИЕ ЖИЗНИ https://aqjaiyqtv.kz/kz ...
22.02.2024
Подробнее

Наши партнеры

Өткен жылғы дерек бойынша Қазақстанда 3 мың адам донор ағзасына мұқтаж. Олардың өмірін тек донорлар ғана аман алып қала алады. Мамандар бір донор кемі бес адамның ғұмырын сақтауға мүмкіндік беретінін айтады.

Бірақ, әзірге «донор боламын» деушілер жоқ. Керісінше, ол туралы естісе шошып, ат тонын ала қашатындар көп. Күн өткен сайын «күту парағының» тізімі де көбейіп келеді. Ал, донордан үміті де, өмірі де үзілгендері қаншама…

«АДАМ СИЯҚТЫ ӨМІР СҮРГІМ КЕЛЕДІ…»

37 жастағы Рысты Әшірбекова 14 жылдан бері гемодиализде. Ол – облыстағы бүйрекке мұқтаж 302 адамның бірі.

– Ауырғаннан бастап донор кезегінде тұрмын. Бірақ, бүгінге дейін хабар жоқ. Аптасына 3 рет төрт сағаттан аппаратта жатамын. І топ мүгедегімін. Жұмыс істемеймін, оған мүмкіндігім де жоқ. Донор табылады деп үміттенемін. Шет елдердегідей, қайтыс болған адамның ағзаларын донорлыққа алып қалуға міндеттейтін заң қабылдаса екен. Қайтыс болса да, басқа адамдарды аман алып қалар еді. Аппаратқа таңылып, қатты шектеулермен келемін. Адам сияқты өмір сүргім келеді. Бір Алла біледі, – дейді ол.

Бүйрек жетіспеушілігінен гемодиализ аппаратына таңылғандар қатары көбейіп келеді. Жыл басындағы мәлімет бойынша, облыста 601 адам гемодиализсіз өмір сүре алмайды. Оның жартысына бүйрек трансплантациясы қажет. Донор табылып, ота жасалғанымен, бөтен ағзаны қабылдамайтын жағдайлар да бар екенін ескерген жөн.

Қазақстанда трансплантология басталған 2012 жылы алғашқылардың бірі болып ота жасатқан Евгений Курц 7 жылдан кейін гемодиализге қайтып келді.

– 2012 жылы Астанадан хабарласып, маған сәйкес донор табылғанын айтқанда не дерімді білмедім, – дейді ол. – Дәрігерімнен сұрағанымда, ол «Миллионнан бір мүмкіндік» деді. Келістім. Сонымен 7 жыл жүрдім. Ол кезде шет елге барып демалып қайттық. Өзімді қалыпты адам сезіндім. Қозғалыс еркіндігі болды. Бұрын аппаратқа таңылғаннан, уақытымның бәрі есептеулі болатын. Енді ауырып, қайтып келуіме тура келді. Кезекке тұрған жоқпын. Қазір балалар мен жастар көп. Соларға мүмкіндік көбірек болса деймін.

ДОНОР ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАЛАЙ ЖОЯМЫЗ?

Донор тапшылығы бүгінде дәрігерлерге де қолбайлау. Науқастардың да қалыпты өмір сүруіне кедергі. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы ұсынған мәлімет бойынша, 311 адам күту парағында кезекте тұр. Оның 5-і – бала.

– Олардың ішінде, бауырын алмастыру қажет 3 науқас, жүрекке мұқтаж 6 адам бар. Қалғандарына бүйрек қажет. 2007 жылдан бері 80 реципиентке (донорлық ағзаға мұқтаж адам) трансплантация жасалды. Оның басым бөлігі – туыстары, жақындарынан алғандар. Қайтыс болған адамның ағзасы 15 науқасқа салынды. Біздің қоғам қайтыс болған адамдардың ағзасын беруге дайын емес. Сол арқылы қаншама адамның өмірін сақтап қалуға болатынын білсе ғой, – дейді денсаулық сақтау басқармасының трансплантация бойынша аймақтық координаторы, облыстық клиникалық аурухананың гемодиализ бөлімінің меңгерушісі Салтанат Сабырова.

Иә, біздің қоғамда бұл салада алға жылжу көрінбейді. Өзі кеш дами бастаған сала шымкенттік трансплантолог дәрігерлердің орган сатуға қатысты даулы ісінен кейін тұралап қалды. Оның үстіне коронавирус инфекциясы да кері әсерін тигізбей қоймады. Ешкімге «донор бол» деп те айта алмасымыз түсінікті. Бұл – әркімнің құқығы. Дегенмен де, былтыр қабылданған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте бұл мәселе көтерілді. Оған сәйкес қайтыс болған адамдар әлеуетті донор саналады. Бірақ, марқұмның туыстарының рұқсатынсыз ештеңе жасалмайды. Егер адам көзі тірісінде донор болуға өз еркін білдіріп кетсе, бөлек әңгіме. Қазір ол үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға барып, не болмаса «Электрондық үкімет» порталынан ЭЦҚ арқылы өтініш қалдырады. Және оны кейін қалағанынша өзгертуге де құқылы. Ең соңғы өзгерткен үлгісі қабылданады. Дегенмен, кез келген адам донор бола алмайды.

ДОНОР БОЛУҒА КЕЛІСЕСІЗ БЕ?

Донор жасы 18-ден асқан, әрекетке қабілетті, реципиентпен тіндік үйлесімділігі бар адам болуы қажет. Онкологиялық немесе инфекциялық аурулары, денсаулығында басқа да ақаулары бар адамдар донор болуға жарамайды.

Сондай-ақ, адамның ағзасын одан мәжбүрлеп алуға, сатып алуға және сатуға, кәмелет жасқа толмаған немесе өзі әрекет ете алмайтын адамнан ол қайтыс болғаннан кейін ағзасын алуға, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ емделушілерге салу үшін алуға тыйым салынады. Бұл ретте, ағза сату дінімізде де харам саналатынын да айтқымыз келеді.

Қалалық Қазыбек би мешітінің имамы Ысқақ Әбдірахманның айтуынша, ағза нақты қайтыс болған адамнан және ақысыз түрде алынған болса ғана шариғат үкіміне сай келеді екен.

– Бұл ағзаға шынайы зәрулік болуы керек. Жай ғана жасарайын немесе денсаулығымды жақсартайын деген ниетпен жасауға болмайды, – деді ол.

Біз сөйлесіп көрген қала тұрғындары да түрлі пікір білдірді. Бірі «келісім берер едім» десе, келесілері «Құдай қалай жаратты, солай, он екі мүшеммен алдына барамын», – деді.

«Елімізде донор ағзасына мұқтаждық қалыптасқаны рас. Бірақ, бұл істе өте қатаң бақылау керек. Себебі, бұл жерде заңсыз сатып алу-сату мәселесі, жемқорлық болуы мүмкін», – деді үшіншілері.

***

Біздікі – көзге көрінген мәселені қозғау. Айсбергтің су астындағы бөлігінің көлемі қаншалықты екендігін ешкім білмейді. Анығы мынау – ағза беруге қоғамның көзқарасы өзгермейінше, ешбір құжат та, қаражат та донор тапшылығын жоя алмайды.

 

https://ortalyq.kz/mir-syjlau-ate-me-nemese-donorly-nege-dau-a-ajnaldy/  

2023. Все права защищены

© Разработано в ABC DESIGN - создание сайтов в Астане