KZ

Журнал Трансплантология в Казахстане

Журнал предназначен в первую очередь для специалистов – трансплантологов, трансплантационных координаторов, врачей хирургического профиля, анестезиологов-реаниматологов, нефрологов, гепатологов и специалистов по лабораторному делу. Он также будет интересен и полезен преподавателям и студентам медицинских вузов. Издание «Трансплантология в Казахстане» является научно-практическим журналом, в котором публикуются оригинальные, обзорные и реферативные статьи, а также случаи из практики в области трансплантологии.

Материал для публикации просим высылать на электронный адрес: zh.uspanov@transplant.kz

Справки по телефону: 8 (7172) 692-499.

  1. Журналда жарияланатын мақалалар редакторға жолданған хат және transplant.kz сайтында орналастырылған ілеспе құжаттың толтырылған үлгісі негізінде қабылданады.
  2. Ғылыми мақаланың көлемі пайдаланылған әдебиет тізімі және түйіндемені қоса, машинамен басылған мәтіннің 10 бетінен аспауы тиіс.
  3. Мақала Microsoft Word редакторында, А4 форматында терілуі тиіс, беттің бағытталуы – кітаптық, қаріп - Times New Roman, қаріптің өлшемі – 14; 1,5 интервал, жоғарғы және төменгі шеттері 2,5 см., сол жақ шеті 2,5 см., оң жақ шеті 1,5 см., сілтемелер – шаршы жақша ішінде.
  4. Хат алмасу жүргізілетін автор туралы байланыс ақпаратын, пошталық мекен-жайын, байланыс телефонының нөмірін және e-mail ұсыну.
  5. Мақалалар орыс/қазақ немесе ағылшын тіліндегі қысқаша түйіндемені қоса тіркеумен, ағылшын тілдерінде ұсынылады.
  6. Мақаланың мәтіндік бөлігі келесі ақпаратты қамтуы тиіс:
  • мақаланың атауы;
  • мақала авторларының есімдері;
  • мекеменің атауы;
  • түйіндеме.
  1. Автор мәліметтің сенімділігі, ресми құжаттар мен басқа көздерден алынған дәйексөздің және сілтемелердің нақтылығы үшін жауапкершілік артады.
  2. Суреттер мен сызбалар JPEG кеңейтілімімен (кеңейтілімі дюймге 300 нүктеден кем емес және өлшемі 6 х 9 см кем емес) электрондық түрде ұсынылады.
  3. Мақалада бұрын жарияланған сурет, сызба немесе графиктер болған жағдайда, түпнұсқалық ақпарат көзін ұсыну немесе оның құқық иесінен оларды жаңғыртуға жазбаша рұқсатты ұсыну қажет.
  4. Суреттер астындағы жазбалар суретке сәйкес келетін араб цифрларымен, жеке бетте, қосарланған жол аралық интервалды сақтаумен теріледі. Суреттің бөліктерін сәйкестендіру үшін символдар, нұсқарлар, цифрлар немесе әріптер пайдаланылған кезде, жазбада осы символдың әрбіреуін көрсету және түсіндіру қажет.
  5. Өлшем бірліктері сәйкес метрлік бірліктерде (метр, килограмм, литр) немесе олардың ондық еселік бірліктерінде көрсетілуі тиіс.
  6. Мақала мәтіні келесі бөлімдерден тұруы тиіс:

1) кіріспе

2) материалдар және әдістер

3) нәтижелер және талқылау

4) қорытындылар

5) әдебиет тізімі

  1. Есімдерді, аты-жөнінің бірінші әріптерін, ауру тарихының нөмірлерін қамтитын жеке ақпарат пациент (немесе қамқоршы) мұндай жарияланымға жазбаша келісімін берген жағдайда ғана жариялануы тиіс. Ақпараттандырылған келісімді алу жағдайында пациентке жарияланымды көрсету қажет. Автор пациентке жариялаудан кейін жеке мәліметтің Интернетте немесе баспасөз басылымдарында қолжетімді болатынын не болмайтынын хабарлауға тиіс. Сәйкес талаптар мен заңнаманы есепке алумен, пациенттің жазбаша келісімі журнал редакциясында және авторларда сақталуы тиіс.
  2. Рецензензия жазушыларға қолжазбаларды көшіруге және оларды үшінші тұлғаларға тапсыруға рұқсат етілмейді. Рецензензия жазушылар рецензия ұсынудан кейін қолжазбаларды қайтаруға немесе көшірмелерін жоюға тиіс.
  3. Журналдың редакциялық алқасы мәтіннің мағыналық жүктемесін өзгертусіз оған ғылыми және әдеби түзету енгізу құқығына ие.
  4. Жариялауға жататын материалдар мен қоса ұсынылатын құжаттарды (сканерден өткізілген түрде) редакцияның Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық мекен-жайына жолдау.

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау