KZ

Биылғы жылы бүйрек трансплантациясы бойынша алғашқы операция бір күн бұрын жасалды. Ақтөбе медициналық орталығының хирургтары Республикалық үйлестіру орталығының басшысы Жақсылық Досқалиевпен бірлесіп, оны сәтті өткізді. Дәрігерлер атап өткендей, соңғы кезде мұндай операциялар саны азайды. Бұл елде мәйіттік ағзаларды ауыстырып қондыруда кейбір проблемалар бар екендігіне байланысты. Донор және реципиент Атырау облысының тұрғындары болып табылады. Қырық бір жастағы ер адам бір бүйрегін қырық төрт жасар апайына берді. Хирургтар операциядан кейін бірден хабарлағандай, бәрі сәтті өтті. Айта кетейік, Ақтөбе ағзаларды трансплантаттау бойынша Батыс Қазақстанның орталығы болып табылады. Бес жыл ішінде мұнда 60-қа жуық күрделі операциялар жасалды. Бірақ, Қазақстанда транспланталогияның белсенді дамуына қарамастан, медицина шегінен шығып, әлеуметтік проблемаға айналған бір үлкен қиындық бар. Мәселе қайтыс болғандардың туыстары адамға қажетті ағзаны мұқтаж трансплантаттауға келісім бермеулерінде. Оның үстіне, өмірден озған кез келген адам донор бола алмайды. Статистика көрсеткендей, 100 мәйіттің тек 30-ының ғана ағзалары трансплантаттауға жарамды.


https://aktobetv.kz/ru/news/society/uspeshnaya-operaciya-po-peresadke-pochki 

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау