KZ

ГФР мемлекетінде жыл сайын ағзаларды ауыстырып салу арқылы құтқарылып қалуы мүмкін 1000 артық пациент қайтыс болады. Алайда, ағзалар жетіспейді. Немістердің көпшілігі – ағзалар донорлығын қолдайды. Алайда, донор куәлігі халықтың тек 15 пайызында ғана бар.

Германияда өмірлік маңызы бар – жүрек, бүйрек, бауыр, өкпе ағзаларын ауыстырып салуды қажет ететіндер тізімінде 12500 артық пациент саналады. Олардың көпшілігі жылдар бойы жасанды тыныс алу аппараттарына байланған, үнемі гемодиализ, яғни, қан тазартудан өтуге мәжбүр. Транспланттау олардың өмір сапасын айтарлықтай жақсартуы мүмкін. Алайда, ауыстырып салынатын ағзалар барлығына жетпейді.

Өмір үшін қауіпті құрбандық

Белгілі неміс саясатшысы Франк-Вальтер Штайнмайер (Frank-Walter Steinmeier) бүйрегін жұбайына құрбан етті. Ота сәтті өтті, ерлі-зайыптылар өздерін жақсы сезінуде. Ол туралы өз уақытында барлық БАҚ хабарлаған болатын.

Бұқаралық ақпарат құралдары бір ай бұрын біздің әріптесіміз бүйрегін қызына құрбан еткенін хабарлаған жоқ. Енді әріптесіміздің өзі, оның барлық туысқандары құрбандықтың зая кетпеуі, бүйректің бейімделіп, қалыпты жұмыс істеуі туралы Құдайға дұға етуде. Жалпы өткен жылы ГФР тірі донорлардан 665 бүйрек транспланттауы жасалды. Бұл – бүйректі ауыстырып салу бойынша барлық оталардың 22,6 пайызы.

Франк-Вальтер Штайнмайер жұбайымен


Ішек таяқшасы ауыстырып салуды қажет ететін бүйрек тапшылығын асқындырды

Бүгінгі күні бүйректі транспланттау – жақсы пысықталған ота. Ауыстырып салынған ағза кем дегенде бес-жеті жыл қызмет етуінің мүмкіндігі мәйіттік ағзаларды ауыстырып салу кезінде 70,7 пайызды және тірі донордың бүйрегін ауыстырып салу жағдайында 85,3 пайызды құрайды. Адам бір бүйрекпен өмір сүре алады. Дегенмен, қауіп донор үшін де сақталады. Не себепті адамдар өздерін осындай қауіпке ұшыратуға мәжбүр?

Бір ай бұрын Германиядағы БАҚ басты тақырыбы ЭГЭК ішек таяқшасының агрессивті түрі тудырған жұқпаның тарауы болды. 47 адам қайтыс болды. Асқыну ретінде 838 науқаста жедел бүйрек жетіспеушілігі дамыды. Олардың кейбіреуіне бүйрек қызметін қалпына келтіруге диалез көмектесті. Басқалары болмаған жерден ағзаларды ауыстырып салуды қажет ететін пациенттер тізімдерін толтырды.

"Сұралған келісім" деген не?

Бүйрек жетіспеушілігі - ЭГЭК жұқтырудың мүмкін салдары

Тірі донордан ауыстырып салу ерекшелік болып қалуы тиіс. Қалыпты тәжірибе – ағзаларды клиникалық өлі адамнан, мысалы, дәрігер бас миының өлімін растаған жағдайда ауыстырып салу. Қаза себебі оның ішінде, жол апаттары немесе өлімге әкелетін жарақат болуы мүмкін.

Алайда, Германияда мұндай жағдайларда «сұралған келісім» қағидасы әрекет етеді, яғни, пациент тірі кезінде донор болуға дайындығын ресми мәлімдеген, атап өткенде, донор куәлігін алған жағдайда ғана ағзаларды алуға болады. Егер пациент оны жасамаса, мұндай келісімді оның туысқандары бере алады. Алайда, дәрігерлердің көпшілігі онсыз да жақындарынан айырылған адамдармен бұл тақырыпты қозғауға бел бумайды.

Көптеген елдерде, оның ішінде Австрияда және Ресейде барлығы керісінше. Бұл елдерде «ағзалар мен тіндерді алуға келісім презумпциясы» әрекет етеді. Басқаша айтқанда, қайтыс болған адам тірі кезінде немесе ол қайтыс болғаннан кейін оның туысқандары келіспейтінін білдірмесе, ағзаларды алуды заң рұқсат етеді.

"Тірі адамды бөлшектеді!"

Шынымен, ең кедей аймақтарда қылмыстық кәсіпкерлер дені сау адамдардан ағзаларды сатып алуды ұсынады. Сол себепті тірі донордың ағзаларын коммерциялық негізде ауыстырып салу барлық өркениетті елдерде тыйым салынған және заңмен қудаланады. Бұл проблеманы қайтыс болғаннан кейінгі донорлық шеше алады.

Алғашқы транспланттау оталары жасалған кезде шіркеу ауыр моральдық-этикалық қарсылық білдірген. Алайда бүгінде олар өз көзқарасын қайта қарастырды. Евангелие шіркеуі қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты қолдайды. Рим папасы XVI Бенедикт оны «жақынға деген махаббат әрекеті» деп атайды. Таққа сайлануына дейін оның өзінің де донор куәлігі болған.

Шіркеудің қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа көзқарасы

XVI Бенедикттің өзінде донор куәлігі болған

Орыс православиелік шіркеуі өз көзқарасын «Әлеуметтік тұжырымдама негіздерінде» бекітті: «Қайтыс болғаннан кейінгі ағзалар мен тіндер донорлығы өлімнен ары жайылатын махаббаттың белгісі болуы мүмкін. Мұндай сый немесе мұра адам міндеті санала алады. Сондықтан, донордың тірі кезіндегі ерікті келісімі эксплантацияның заңдылығы мен адамгершілік орындылығының шарты болып табылады. Әлеуетті донордың еркі дәрігерлерге белгісіз жағдайда, олар қажет жағдайда, оның туысқандарына жүгініп, хал үстіндегі немесе қайтыс болған адамның еркін анықтауы тиіс".

Алғашқы транспланттау оталары жасалған кезде шіркеу ауыр моральдық-этикалық қарсылық білдірген. Алайда бүгінде олар өз көзқарасын қайта қарастырды. Евангелие шіркеуі қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты қолдайды. Рим папасы XVI Бенедикт оны «жақынға деген махаббат әрекеті» деп атайды. Таққа сайлануына дейін оның өзінің де донор куәлігі болған.

Орыс православиелік шіркеуі өз көзқарасын «Әлеуметтік тұжырымдама негіздерінде» бекітті: «Қайтыс болғаннан кейінгі ағзалар мен тіндер донорлығы өлімнен ары жайылатын махаббаттың белгісі болуы мүмкін. Мұндай сый немесе мұра адам міндеті санала алады. Сондықтан, донордың тірі кезіндегі ерікті келісімі эксплантацияның заңдылығы мен адамгершілік орындылығының шарты болып табылады. Әлеуетті донордың еркі дәрігерлерге белгісіз жағдайда, олар қажет жағдайда, оның туысқандарына жүгініп, хал үстіндегі немесе қайтыс болған адамның еркін анықтауы тиіс".

Немістер теория жүзінде қолдайды, тәжірибе жүзінде - қарсы

Донордың куәлігі

Осы жылдың басында, ЭГЭК індетінен бұрын жүргізілген сауалнама мәліметтері: немістердің 74 пайызы олардың қайтыс болуы жағдайында ағзаларының донорлық мақсаттарда пайдаланылуына келіседі. Және тек 18 пайызы – үзілді-кесілді қарсы. Алайда, тәжірибе жүзінде барлығы керісінше.

Германияда донор куәлігін алу өте оңай. Бар болғаны интернеттегі көптеген сайттардың біріне, мысалы, Неміс донорлар қорының парақшасына кіріп, дайын сауалнаманы толтыру жеткілікті. Алайда көпшілігі оны жасамайды. Сұраулар көрсеткендей, оның басты себебі принциптік қарсылықта емес, қарапайым селқостықта, барлығын кейінге қалтыру әдетінде.
Құқықтар алғаннан кейін шешім қабылда
Жағдайды түзету үшін кейбір неміс саясатшылары Германияда «ағзалар мен тіндерді алуға келісім презумпциясы» қағидасын енгізуді ұсынады. Басқалары оны мемлекеттің шектен тыс қысым ретінде қабылдайды. Мұнда ымыраға келіп, адамға таңдау жасау мүмкіндігін беру қажет шығар. Мысалы, төлқұжатты немесе жүргізуші куәлігін берген кезде әрбір адамға қайтыс болғаннан кейінгі донор куәлігіне де сауалнама толтыруды ұсыну.

 

Толық мәлімет dw.de орналасқан.

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау