Яндекс.Метрика
KZ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің  «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК келесі бос қызмет орындарына конкурс жариялайды:

 

      1. Республикалық деңгейдегі транспланттаушы үйлестіруші 

 

Талаптар: "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, "Жалпы хирургия" мамандығы бойынша қайта даярлаудан (маманданудан) өту және/немесе "анестезиология-реаниматология" мамандығы бойынша қайта даярлаудан (маманданудан) өту немесе трансплантология мәселелері бойынша біліктілікті арттыру.

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 10  жыл.

Функционалдық міндеттер: жетекшілік ететін өңірлердің өңірлік және стационарлық үйлестірушілерінің қызметін бақылау және тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету; өңірлік және стационарлық үйлестірушілерден келіп түскен деректерді жинау, талдау және жалпылау; жетекшілік ететін өңірлердің стационарларында әлеуетті донорлардың болуы туралы күнделікті есепті ақпаратты ұсыну; жетекшілік ететін өңірлер бойынша тіндер (тіннің бөлігін) және/немесе ағзалар (ағзалардың бөлігі) донорларының, реципиенттерінің тіркеліміне, оның ішінде, " TRINIS" медициналық ақпараттық жүйесіне деректердің тиісті енгізілуін және өзектендірілуін бақылау; жетекшілік ететін өңірлер бойынша бекітілген есепті нысанға сәйкес "күту парағына" енгізу үшін бүйректі, бауырды, ұйқы безін, жүректі, өкпені, "жүрек-өкпе" кешенін транспланттау ұсынылған науқастар бойынша қорды өзектендіру; транспланттауды үйлестіру қызметін дамыту, донорлар, реципиенттер және транспланттауды күтетін тұлғалардың ("күту парағы") дерекқорларын халықаралық тәжірибені есепке ала отырып ұйымдастыру; құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, өтініштері мен басқа да жүгінулерін қарастыру; трансплантология мәселелері жөніндегі ғылыми еңбектер мен ақпараттық материалдардың жариялануын ұйымдастыру; Донорлық ағзаларды транспланттау және аллокациялау жөніндегі үйлестіру бөлімінің басшысына тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есепті ұсыну; медициналық қызметкерлер мен халық арасында ағзалық донорлықты насихаттау мақсатында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және жүргізу.

 

2. Донорлық ағзаларды транспланттау және аллокациялау жөніндегі үйлестіру бөлімінің басшысы.

Талаптар: «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші (жоғарғы) біліктілік санаты немесе ғылыми дәрежесі бар, «емдеу ісі» (анестезиолог-реаниматолог, нефролог, хирург-трансплантолог, гепатолог) мамандығы бойынша жоғары медициналық білім; мемлекеттік денсаулық сақтау органдарындағы немесе денсаулық сақтау ұйымдарындағы басшы қызметтегі кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

 

3.     Алматы қ. бойынша өңірлік деңгейдегі транспланттаушы үйлестіруші.

  Өңірлік деңгейдегі транспланттаушы үйлестірушінің лауазымдық міндеттеріне Алматы қ. орналасқан донорлық стационарлардың (Алматы қаласы ДСБ «Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы» ШЖҚ МКК, Алматы қ. «№7 қалалық клиникалық аурухана» МКҚК, «Орталық клиникалық аурухана» МКҚК, «№4 қалалық клиникалық аурухана» МКҚК) транспланттаушы үйлестірушілерімен бірлесіп жұмыс жасау кіреді.

Аталған позицияға үміткер кандидаттарға қойылатын талаптар: «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, «Жалпы хирургия» және/немесе «Анестезиология-реаниматология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан (маманданудан) өту, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

 

4.     Алматы облысы бойынша стационарлық транспланттаушы үйлестіруші, 2 бірл.

Стационарлық транспланттаушы үйлестірушінің лауазымдық міндеттеріне Алматы облысының донорлық стационарларының бірінде жұмыс жасау және Алматы облысы бойынша өңірлік деңгейдегі транспланттаушы үйлестірушімен бірлесіп жұмыс істеу кіреді.

Аталған позицияға үміткер кандидаттарға қойылатын талаптар: «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, «Жалпы хирургия» және/немесе «Анестезиология-реаниматология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан (маманданудан) өту, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, қазіргі уақытта аталған өңірдің донорлық стационарында («Алматы көпбейінді клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК, «Талдықорған қаласының облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК) дәрігерлік лауазымда жұмыс істеу.

 

5.     Қарағанды облысы бойынша стационарлық транспланттаушы үйлестіруші, 2 бірл.

Стационарлық транспланттаушы үйлестірушінің лауазымдық міндеттеріне Қарағанды облысы бойынша өңірлік деңгейдегі транспланттаушы үйлестірушімен бірлесіп жұмыс істеу кіреді.

Аталған позицияға үміткер кандидаттарға қойылатын талаптар: «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, «Жалпы хирургия» және/немесе «Анестезиология-реаниматология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан (маманданудан) өту, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, қазіргі уақытта аталған өңірдің донорлық стационарында («Теміртау қаласының орталық ауруханасы» КМК, Қарағанды облысы ДСБ «Облыстық медицина орталығы» КМК) дәрігерлік лауазымда жұмыс істеу.

 

6.     Маңғыстау облысы бойынша стационарлық транспланттаушы үйлестіруші.

Стационарлық транспланттаушы үйлестірушінің лауазымдық міндеттеріне Маңғыстау облысы бойынша өңірлік деңгейдегі транспланттаушы үйлестірушімен бірлесіп жұмыс істеу кіреді.

Аталған позицияға үміткер кандидаттарға қойылатын талаптар: «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, «Жалпы хирургия» және/немесе «Анестезиология-реаниматология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан (маманданудан) өту, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, қазіргі уақытта аталған өңірдің донорлық стационарында (Маңғыстау облысы ДСБ «Маңғыстау облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК) дәрігерлік лауазымда жұмыс істеу.

 

7.     Атырау облысы бойынша стационарлық транспланттаушы үйлестіруші.

Стационарлық транспланттаушы үйлестірушінің лауазымдық міндеттеріне Атырау облысы бойынша өңірлік деңгейдегі транспланттаушы үйлестірушімен бірлесіп жұмыс істеу кіреді.

Аталған позицияға үміткер кандидаттарға қойылатын талаптар: «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, «Жалпы хирургия» және/немесе «Анестезиология-реаниматология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан (маманданудан) өту, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, қазіргі уақытта аталған өңірдің донорлық стационарында (Атырау облысы ДСБ «Атырау облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК) дәрігерлік лауазымда жұмыс істеу.

 

             Бос қызмет орнына конкурсқа қатысу үшін кандидаттарға келесі құжаттарды:   

1)  өңірдің донорлық стационарының басшысымен келісілген, конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2)  Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) байланыс деректері көрсетілген, мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі түйіндемені;

4) ерікті түрде жазылған өмірбаянды;     

5) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет

   

Кандидаттар кәсіби дайындығының деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже және атақ меншіктеу, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ, өткен жұмыс орнының басшылығынан ұсыныс хаттар және т.б.) ұсына алады.       

          Құжаттар қолма-қол немесе электрондық түрде хабарламаны жариялау күнінен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде келесі мекенжай бойынша қабылданады: 010000, Астана қаласы, Сілеті көшесі, №30 ғимарат, №8 кеңсе, электрондық пошта мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

         Конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша іріктелген кандидаттарға сұхбаттасу орны (форматы) мен уақыты туралы қосымша хабарланады. 

Анықтама телефондары: +7 (7172) 55-84-54, +7 701 792 17 03.

 

 

FaLang translation system by Faboba